РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес және жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
1. Большенарым ауылдық округінің орталығы Большенарым ауылындағы бұрылыстар мен көшелер төмендегідей өзгертілсін:
1) Совхозный бұрылысы "Достық" бұрылысы болып;
2) Краснопартизанский бұрылысы "Бауыржан Момышұлы" бұрылысы болып;
3) Колхозный көшесі "Қайрат Рысқұлбеков" көшесі болып;
4) Автотранспортный көшесі "Серік Тойбағаров" көшесі болып;
5) Первомайский көшесі "Қабдығали Татаев" көшесі болып;
6) Кирзаводская көшесі "Астана" көшесі болып;
7) Көктерек ауылындағы Школьный көшесі "Серғазы Жексенов" көшесі болып.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.
Большенарым ауылдық округінің әкімі А. Ахметов