Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2010.01.29 N 1508 қаулысымен.
Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы» № 75 қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекеттік басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 264 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 5, 7баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесіне мынадай санаттар қосылсын:
1) мектептер мен кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;
2) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
3) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
4) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
5) 50 жастан асқан әйелдер;
6) 55 жастан асқан ер адамдар;
7) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.
2. Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Т. Мысаев) осы санатқа қосылған жұмыссыз азаматтарды бірінші кезекте жұмыспен қамту, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, басқа да әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
4. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі А. Сеитов