Ескерту. Күші жойылды - Күршім аудандық мәслихатының 2011.06.20 N 28-8 шешімімен .
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 7) тармақшасына сәйкес Күршім аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 5-4 шешімге мынадай өзгертулер енгізілсін:
Аталған шешімнің қосымшасы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы»
2 бөлім Тұрғын үй көмегін беру шарттары:
12 тармақта:
“қайта аттестациялауды” деген сөзі “қайта ресімдеуді” сөзімен ауыстырылсын;
18 тармақта, барлық тармақ бойынша:
“аттестациясына”, “аттестациядан” деген сөздері “ресімдеуіне”, “ресімдеуден” сөздерімен ауыстырылсын;
22 тармақта:
“қайта аттестациядан” деген сөзі “қайта ресімдеу” сөзімен ауыстырылсын;
23 тармақ, барлық тармақта:
“аттестациядан” деген сөздері “ресімдеуден” сөздерімен ауыстырылсын
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Әзімбаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Әбілмәжінов