Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 5-4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 7 мамырда N 5-14-67 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Күршім аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы N 28-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім аудандық мәслихатының 2011.06.20  N 28-8 шешімімен .
 
 
       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесі бекітілсін (қоса берілген).
       2. Күршім аудандық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 5-сәуірдегі № 10-6 (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2299 болып тіркелген, аудандық «Рауан» газетінде № 19 (7478) 30.04.2005 жылы жарияланған) және «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 5-сәуірдегі № 10-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 24-шілдедегі № 29-9 (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-14-56 болып тіркелген, аудандық «Рауан» газетінде № 35(7601)01.09.2007 жылы жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
       З. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Күршім аудандық мәслихатының 2009.10.29 N 16-8 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы         Қ. Әбілмәжінов

№ 1 қосымша
Күршім аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18-сәуірдегі
№ 5-4 шешімімен бекітілді

Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық
қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі
туралы ЕРЕЖЕ І. Тұрғын үй көмегі

      1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және үй-коммуналдық қызметті тұтынуға сонымен бірге жылу мен суық суды есептеу құралдарын орнату шығындарын және көпқабатты үйлердің күрделі жөндеу шығындарын өндіріп беру (кондоминиум тіркелген жағдайда) ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі:
      1) жылу мен суық суды есептеу құралдарын орнату шығындарын өндіріп беру жөніндегі тұрғын-үй көмегі жылуы орталықтандырылған үйлерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына бірмезгілді көрсетіледі;
      2) көпқабатты үйлердің күрделі жөндеу шығындарын өндіріп беру жөніндегі тұрғын-үй көмегі осы үйлерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына бірмезгілді көрсетіледі.
       2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.
       З. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пункттің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
       4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
       5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
       6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшері, коммуналдық қызметтер ( сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифттерді қамту - 2 қосымша) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
       7. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.

2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

       8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
       9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
       10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      11. алынып тасталды - Күршім аудандық мәслихатының 2009.10.29  N 16-8 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
       12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта ресімдеуді жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Күршім аудандық мәслихатының 2009.07.24 № 15-13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
       13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді
       14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке /кемиді/ реттеледі.
      15. Орталықтан жылыйтын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.
      16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту приборлары арқылы жылыйтын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылытумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтерге сәйкес, төлеміне эквивалентті есептелсін.
      17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
      1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
      2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
      3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркеген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
      4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
      18. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны ресімдеу үшін өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді: төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына 1 рет, келесі жылдың ресімдеуіне дейін) немесе, отбасы құрамы туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың ресімдеуіне дейін немесе басқа өзгерістерге дейін), отбасы табыстары (еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бір рет және тоқсан сайынғы ресімдеуден өту, сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағаз), қызмет көрсетушіден тұрғын үйге ақы төлеу туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың ресімдеуіне немесе тарифтер өзгергенге дейін), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімімен анықтама (тоқсан сайын). Жеке меншік шаруашылық туралы ақпарат (жылына 1 рет немесе басқа өзгерістер болса).
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Күршім аудандық мәслихатының 2009.07.24 № 15-13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      1) жылу мен суық суды есептеу құралдарын орнатуға үміттенуші отбасылар жылу мен суық суды есептеу құралдарын орнатқаны үшін ақшасын төлегені жөнінде түбіртекті қоса береді.
      2) көпқабатты үйлердің күрделі жөндеу шығындарын өндіріп беруіне үміттенуші отбасылар жасалған күрделі жөндеу жұмыстарына өз тарапынан тиесілі ақшасын төлегені жөнінде түбіртегін қоса береді.
      19. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі еңгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады (3 қосымша).
      21. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, қоқыс шығару, лифттерді қамту, жылу мен суық суды есептеу құралдарын орнатқаны үшін және үйлердің күрделі жөндеу шығындарын өндіріп беру үшін, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
      22. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта ресімдеуден белгілі себептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің ауыруы, курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Күршім аудандық мәслихатының 2009.07.24 № 15-13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      23. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй көмегі қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы ресімдеуден өтетін отбасылар, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында графиктер бойынша қайта ресімдеуден өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындалады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - Күршім аудандық мәслихатының 2009.07.24 № 15-13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
 
      П = МСПЖ - (t х д)
 
      П - тұрғын үй көмегінің мөлшері;
      МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем;
      t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=15%);
      д - отбасының жиынтық табыстары.

4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың
(отбасыларының) жиынтық табысын есептеу

      27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын үәкілетті органымен жүргізіледі.
      28. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) ай сайын берілетін 18-жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы;
      3) тұрғын үй көмегі;
      4) қайтыс болғандарды жерлеуге байланысты бірмезгілдік жәрдемақысы;
      5) бала туғандағы бір жолғы төлемдер;
      6) аз қамтылған азаматтарға кәсіпкерлік іс ашуға және (немесе) жеке шаруашылығын дамытуға берілген шағын несиелер мен бір жолғы материалдық көмек;
      7) төтенше жағдайдың салдарынан денсаулыққа келтірілген залалды өндіріп беру мақсатында отбасыларына көрсетілген көмек;
      8) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасымен бірге тұрмайтын адамға төлеп отырған алименттер;
      9) қамқоршылардың (қорғаншылардың) табыстары (балалардың қамқоршыларына жәрдемақы тағайындау кезде);
      10) азаматтарға тегін протез салу үшін жол жүру төлемдері;
      11) азаматтардың елді мекеннің шегінен емделу үшін тегін жол жүру төлемдері;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген натуралдық түрдегі көмектер:
      дәрі-дәрмектер;
      санаторий-курорттық емделу;
      протезді-ортопедиялық құралдар (жасау, жөндеу);
      қозғалып жүрудің арнайы құралдары (арбалар) және мүгедектерге бөлінген басқа да оңалту құралдары;
      білім жөніндегі заңнамасына сәйкес білім мекемелерінде көрсетілетін тегін тамақтандыру және көмек;
      13) көші-қон жөніндегі заңнамасының актілерінде көрсетілген оралмандарға бөлінген қаражаттар:
      тұрақты мекен жайына бару және мүлкін тасымалдау (соның ішінде малды да);
      жол шығындарын өндіріп беру;
      тұрақты мекен жайында тұрғын үй сатып алу және тағы да басқа көші-қонға байланысты бірмезгілдік жәрдемақы;
      Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтерінің негізінде есептеледі. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың табыстары жазбаша мәлімдеумен дәлелденеді.
      29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін әр бір ересек мал басынан (ірі қара, жылқы) айына 3 есептік көрсеткіш мөлшерінде, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, әр-бір ересек ұсақ мал басынан (қой-ешкі) айына 0,5 есептік көрсеткіш мөлшерінде, әр бір ересек шошқадан айына 1 есептік көрсеткіш мөлшерінде, қосалқы шаруашылықтан табыс есепке алынады. Құс пен үй іргесіндегі бақшадан табыс есептелінбейді.
      30. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (4 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
      31. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егер де төлеуші:
      1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелген (анықтама ұсынылғанда);
      2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
      4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
      32. Әділет органдары тұрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесіне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      33. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
      34. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
      35. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің дұрыстығына заңда белгіленген тәртіпте жауапты.

5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын
тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
жәрдемақыларын ұсыну тәртібі

      36. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушыларға тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
      37. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг. аспауы керек.
      38. Көмірдің құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданады және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қаралады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
      39. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
      40. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға алынады.
      41. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
      42. Заң бойынша бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.
      43. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы квитанциялардың орташаларын есепке алу керек.

6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі

      44. Тұрғын үй көмегі ауданның бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      45. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банкілер) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім және тиісті банкілер арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
      46. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен белгіленген органдар арқылы жүргізіледі.

Күршім аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 18-сәуірдегі
№ 5-4 шешіміне № 2 қосымша

Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданылатын коммуналдық
қызметтерді тұтыну шығыстары мен нормативтерінің мөлшері

      1. Тұрғын үй көлемінің нормасы:
      Жалғыз басты тұрып жатқан адамға - 1 бөлмелі пәтер немесе 30 м2.
      Бір адамнан артық тұрып жатқан отбасына әр 1 адамға - 15 м2, бірақ барлығы 38,5 м2 артық емес.
      2. Газды шығындау нормасы айына 1 адамға - 8,2 кг.
      3. Электр қуатын тұтыну нормасы:
      1 адамға электр қуатының шығыны - 45 кВт.
      4. Сумен жабдықтау:
      суық су отбасының 1 мүшесіне - 75 литр;
      суық су және кәріз отбасының 1 мүшесіне - 125 литр.
      Тұтыну нормативтері және оларды жылумен қамтамасыз ету, оны жабдықтау тарифтері қызмет берушілерімен ұсынылады.

Күршім аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18-сәуірдегі
№ 5-4 шешіміне 3-қосымша

1. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері
жөніндегі

№______ШЕШІМ (көшірмесі)

2008 жылғы «__»________істің №___________

1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы Ережеге сәйкес тағайындалсын
ТЕГІ________________________________________________________

АТЫ_________________________________________________________

ӘКЕСІНІҢ АТЫ________________________________________________

Отбасы мүшелерінің саны_____________________________________

Туған күні_______________Жынысы_____________________________

Тұрғылықты жердің мекен жайы (нақты)
____________________________________________________________

Жеке куәлігінің №____________2008 жылғы «_____»_____________

Берген жері_________________________________________________

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)________________________
Өтініш жасаған уақыты_______________________________________

Төленетін тұрғын үй көмегінің мөлшері 200__жылғы «____»_____

«_______»___________________________________________________________________сомада

(санмен және жазбаша сома)
Қызмет көрсететін банкідегі жеке шоттың №______________

2. Тұрғын үй көмегін көрсетуге бас тартылсын ____________________________________________________________
                   (себебі көрсетілсін)

ЖҚӘББ меңгерушісі_______________________________(А.Ж.Т)
Бас маманы_____________________________________ (А.Ж.Т)

Күршім аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18-сәуірдегі
№ 5-4 шешіміне 4-қосымша

Өнімді пайдалану үшін үйдегі мал мен құстың жасы

Малдардың түрі Өнімді жағдайға жеткен жас мал
мен құстың жасы (ай)

Ірі қара мал

25

Қой және ешкі

12

Шошқа

10

Жылқы

16

Түйе

18

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады