Көкпекті ауданы бойынша 2009 жылдың көктемі мен күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 сәуірдегі N 81 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 мамырда N 5-15-50 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Көкпекті ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 596 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Көкпекті ауданы әкімдігінің 2010.04.23 N 596 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 779 Жарлығына сәйкес 2009 жылдың көктемінде (сәуір-маусым) және күзінде (қазан-желтоқсан) азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету мақсатында Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы (№ 1 қосымша) және мерзімді әскери қызметтен өту үшін азаматтарды 2009 жылдың көктемінде және күзінде әскерге шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (№ 2 қосымша).
      3. № 2 Көкпекті аудандық медициналық бірлестігіне (Қ.Т.Толықбаев) (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) Шақырылушыларды медициналық куәландыруын өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлермен және орта медицина қызметкерлерін бөлу;
      2) Шақыру комиссиясын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген тіркеу нөмірі 3560 «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 8-10 маусымдағы 46, 47, 48 нөмірлерінде жарияланған) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери – дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» бірлескен бұйрықтарына сәйкес қажетті медициналық аспаптармен және мүлікпен қамтамсыз ету.
      4. Ұйымдар, мекемелер басшыларына, әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясынан өту үшін дер кезінде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Селолық округтерінің әкімдеріне әскерге шақырушыларды уақтылы хабарландырып, шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін.
      6. Көкпекті ауданының ішкі істер бөліміне (Құнанбаев Ш.М.) (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген адамдардың жеткізілуін қамтамасыз ету;
      2) әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.
      7. Аудандық қаржы бөлімі (Ахмерова З.Ш.) 2009 жылға арналған аудан бюджетімен белгіленген мөлшерде шақыруды қаржыландырсын.
      8. Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 сәуірдегі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген тіркеу нөмірі 5-15-37) аудандық «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 9 мамырдағы 20 нөмірінде жарияланған аудан әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 11595 «Көкпекті ауданы бойынша 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
      9. Осы қаулы бірінші рет ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Рәмзи Сабырұлы Беспаевқа жүктелсін.

      Көкпекті аудан әкімі                  Г. Қойгелдина

      Келісілді:
      Көкпекті ауданының ішкі
      істер бөлімінің бастығы               Ш. Құнанбаев

      Көкпекті ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы    М. Садықов

      Көкпекті ауданының № 2
      медициналық бірлестігінің
      бас дәрігері                          Қ. Толықбаев

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2009 жылғы «03» сәуірдегі 
№ 81 қаулысына № 1 қосымша

Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды
ұйымдастыру және өткізу үшін шақыру комиссиясы

      1) Марат Дәлелханұлы Садықов – Көкпекті ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      2) Алмат Асанұлы Хұдайбергенов – Көкпекті ауданының құрылыс бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
      Комиссия мүшелері:
      3) Рустам Менташұлы Искаков – Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
      4) Эльмира Төлеугалиқызы Шырахметова – № 2 Көкпекті ауданының медициналық бірлестігінің терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
      5) Жанар Ахметова – комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      Көкпекті ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы          М. Садықов

Көкпекті ауданы әкімдігінің
2009 жылғы «03» сәуірдегі 
№ 81 қаулысына № 2 қосымша

Мерзімді әскери қызметтен өту үшін 1981-1990 жылы
туған азаматтарды 2009 жылдың көктемі және күзінде
әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

№ рет

Әкімшілік-аумақтық
бірліктер атауы

өту мерзімдері

Көктем

Күз

1

Бастаушы селолық округі

сәур айы

қазан айы

2

Белое селолық округі

сәур айы

қазан айы

3

Биғаш селолық округі

сәур айы

қазан айы

4

Казнаковка селолық округі

сәур айы

қазан айы

5

Карағандыкұл селолық округі

сәур айы

қазан айы

6

Көкжайық селолық округі

сәур айы

қазан айы

7

Көкпекті селолық округі

сәур айы

қазан айы

8

Қ. Аухадиев атындағы селолық округі

сәур айы

қазан айы

9

Мариногорка селолық округі

сәур айы

қазан айы

10

Миролюбовка селолық округі

сәур айы

қазан айы

11

Новотимофеевка селолық округі

сәур айы

қазан айы

12

Палатцы селолық округі

сәур айы

қазан айы

13

Самар селолық округі

сәур айы

қазан айы

14

Тассай селолық округі

сәур айы

қазан айы

15

Теректі селолық округі

сәур айы

қазан айы

16

Үлкенбөкен селолық округі

сәур айы

қазан айы

17

Үлгілімалшы селолық округі

сәур айы

қазан айы

18

Шұғылбай селолық округі

сәур айы

қазан айы

      Көкпекті ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы            М. Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады