Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2011.04.05 N 993 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 20, 23-баптарына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығының және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 906 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысының негізінде, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шақырылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру және жөнелту жүргізілсін.
2. Аудандық шақыру комиссиясының жеке құрамы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрылсын және бекітілсін.
3. Аудандық шақыру комиссиясының 2010 жылғы сәуір-маусымындағы, қазан-желтоқсандағы жұмыс кестесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. Шақыру комиссиясының жұмысы мына мекен-жай бойынша жүргізілсін: Көкпекті ауылы, Садовая көшесі, 6.
4. Ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды уақытында және ұйымшылдықпен өткізу үшін:
1) әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтардың шақыру учаскесіне толық және уақытында келуін қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақырушыларды тасымалдау ауылдық округтер әкімдері аппараттары өкілдерінің алып баруымен жүргізілсін;
3) комиссияға қажетті құжаттарды дайындап, тапсыруды қамтамасыз етсін.
5. «Көкпекті ауданының № 2 медициналық бірлестігі» КМҚК директорына (Қ.Т. Толықбаев келісім бойынша) медициналық комиссияның жұмысын, мерзімді әскери қызметке шақырылушы азаматтардың сапалы куәландыруларын бақылауға алу ұсынылсын.
6. «Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер Департаментінің Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Т.М. Закирьянов келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздеу және жеткізу, облыстық жинақтау пунктіне жіберу кезінде шақыру пункттерінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету. Көкпекті ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің аумағында полиция қызметкерінің кезекшілігін ұйымдастыру ұсынылсын.
7. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Г.Ә. Смағұлова) 2010 жылға арналған аудандық бюджетпен белгіленген мөлшерде азаматтарды шақыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.
8. «Көкпекті ауданы бойынша 2009 жылдың көктемі мен күзінде әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 14 мамырда № 5-15-50 тіркелген, аудандық «Жұлдыз» газетінің 2009 жылғы 23 мамырдағы № 22 нөмірінде жарияланған) Көкпекті ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 81 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиевқа жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Д. Мусин
Келісілді:
Көкпекті ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
2010 жыл 22 сәуір М. Садықов
Көкпекті ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы
2010 жыл 22 сәуір Т. Закирьянов
Көкпекті ауданының "№ 2 медициналық
бірлестігі" КМҚК директоры
2010 жыл 22 сәуір Қ. Толықбаев
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 596 қаулысына 1 қосымша
Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы
жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды 2010
жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді
әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Садықов Марат Дәлелханұлы |
Көкпекті ауданының қорғаныс істері |
Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы |
Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; |
Комиссия мүшелері | |
---|---|
Қожамжаров Аман Сейлханұлы |
Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімі |
Шрахметова Эльмира Төлеуғалиқызы |
«Көкпекті ауданының № 2 медициналық |
Ахметова Жанар |
«Көкпекті ауданының № 2 медициналық |
Көкпекті ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы М. Садықов
Көкпекті ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 596 қаулысына 2 қосымша
Мерзімді әскери қызметтен өту үшін 1983-1992 жылы туған
азаматтарды 2010 жылдың көктемі және күзінде әскери қызметке
шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ
№ |
Әкімшілік-аумақтық бірліктер |
Өту мерзімі |
|
Көктем |
Күз |
||
1 |
Көкпекті селолық округі |
2010 ж.05.04. |
2010 ж.04.10. |
2 |
Биғаш селолық округі |
2010 ж.06.04. |
2010 ж.05.10. |
3 |
К. Аухадиева атындағы селолық округі |
2010 ж.08.04. |
2010 ж.07.10. |
4 |
Қарағандыкөл селолық округі |
2010 ж.07.04. |
2010 ж.06.10. |
5 |
Көкжайық селолық округі |
2010 ж.07.04. |
2010 ж.06.10. |
6 |
Тассай селолық округі |
2010 ж.06.04. |
2010 ж.05.10. |
7 |
Теректі селолық округі |
2010 ж.09.04. |
2010 ж.08.10. |
8 |
Үлкенбөкен селолық округі |
2010 ж.08.04. |
2010 ж.07.10. |
9 |
Үлгілімалшы селолық округі |
2010 ж.07.04. |
2010 ж.06.10. |
10 |
Шұғылбай селолық округі |
2010 ж.09.04. |
2010 ж.08.10. |
11 |
Самар селолық округі |
2010 ж.12.04. |
2010 ж.11.10. |
12 |
Бастаушы селолық округі |
2010 ж.15.04. |
2010 ж.14.10. |
13 |
Белое селолық округі |
2010 ж.16.04. |
2010 ж.15.10. |
14 |
Казнаковка селолық округі |
2010 ж.15.04. |
2010 ж.14.04. |
15 |
Мариногорка селолық округі |
2010 ж.16.04. |
2010 ж.15.10. |
16 |
Миролюбовка селолық округі |
2010 ж.14.04. |
2010 ж.13.10. |
17 |
Новотимофеевка селолық округі |
2010 ж.14.04. |
2010 ж.13.10. |
18 |
Палатцы селолық округі |
2010 ж.14.04. |
2010 ж.13.10. |
Қосымша күндер |
2010 ж. 21.04., |
2010 ж.20.10., |
Көкпекті ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы М. Садықов