1982-1991 жылдары туған азаматтарды 2009 жылғы көктемде және күзде әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 121 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 мамырда N 5-16-74 тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2010.05.18 № 130 (қолданысқа енгізілу тәртібін 13-тармақтан қараңыз) қаулысымен

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-111 Заңының 19, 20, 2123 бабтарына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығының 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды дер кезінде және сапалы қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын, 37 бабының 1, 2 тармақтарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтарды мерзiмдi әскерге шақыру кезінде он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі еркек жынысты, шақыруды кейінге қалдыруға және шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығырылған, жасы жиырма жетіге толмаған, белгіленген әскери қызмет мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығымен ұйымдастырсын.
      2. 1982-1991 жылы туған азаматтарды аудан аумағында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзу жөнiндегi комиссия құрылсын. (№ 1 қосымша)
      3. № 1 медициналық бірлестіктің директоры (келісім бойынша) Д.Итбаев төмендегi жұмыстарды атқару ұсынылсын:
      - азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзу үшiн бiлiктi дәрігер - мамандар мен орта буындағы медицина қызметкерлерiн бөлу;
      - азаматтарды флюорографиялық, кардиологиялық және басқа медициналық талдау түрлерiнен өткiзудi қамтамасыз ету;
      - медициналық куәландыру және емдеу жүргiзетiн мекемелерiнiң тізбесін аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге ұсыну;
      - аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмнiң жолдамасы бойынша жіберiлген азаматтарды қосымша тексерiп, емделуiн қамтамасыз ету;
      - шақыру учаскелерiн қажеттi медикаменттермен, құралдармен және медициналық мүлiктермен жабдықтау;
      - азаматтарды медициналық куәландыру аудандық қорғаныс істерi жөнiндегi бөлiмнiң тiзiм-кестесiне сай жүргiзу.
      4. Әскерге шақырылушылардың білім деңгейiн анықтау тобы құрылсын (№ 2 қосымша).
      5. Аудандық бiлiм беру бөлiмiннің бастығы Т.Жақыпбаев Абай атындағы (Ақжар) және К.Нұрбаев атындағы (Ақсуат) орта мектептерінде әскерге шақырылушылардың білім деңгейiн анықтау үшiн арнайы бөлме және спорт алаңдарын даярлау мiндеттелсiн.
      6. Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы (келісім бойынша) Е.Сейлханов әскерге шақыру кезiнде аудандық қорғаныс iстерi жөніндегi бөлiммен өзара бірлескен iс– қимылын ұйымдастыру, қорғаныс iстері жөнiндегi бөлімге әскерге шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіге ықпал жасау, шақыру учаскелерiнде тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Ж.Бекбаев 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақыру науқанын қажеттi қаржымен қамтамасыз етсiн.
      8. Аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмінің бастығы (келісім бойынша ) А.Қарабиев көктемде және күзде әскерге шақыру науқанының өту барысы жөнiнде аудан әкiмiне баяндап отыру ұсынылсын.
      9. Аудан әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 3 сәуір № 151 аудандық әдiлет басқармасында 2008 жылғы 21 сәуір № 5-16-54 тiркелген қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Әзімхановқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкiмi                           А. Әубәкіров

      Келісілді:
      Аудандық қорғаныс iстерi
      жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы           А. Қарабиев

      Аудандық iшкi iстер
      бөлiмiнiң бастығы                     Е. Сейлханов

      № 1 медициналық бірлестіктің
      директоры                             Д. Итбаев

Аудан әкiмдiгiнiң   
2009 жылғы «14» сәуірдегі
№ 121 қаулыға № 1 қосымша

1982-1991 жылдары туған азаматтарды аудан аумағында
мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзу жөнiндегi
комиссияның құрамы

Қарабиев Абдрахман Жұмашұлы

- Аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiм бастығы, комиссия төрағасы келісім бойынша)

Тайшөгелов Айдос Жанабайұлы

- Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Тоқтау Айбол Тоқтауұлы

- Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім  бойынша)

Аширов Ақылжан Габдимұлы

- Аудандық орталық емхананың тіс дәрігері,       (әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері), комиссия мүшесі (келісім бойынша)

Дүйсенбаев Даулет Дүйсенбайұлы

- № 1 Ақжар ауруханасының дәрiгер – хирургы, (әскерге шақыру комиссиясының аға дәрігері), комиссия мүшесі (келісім бойынша)

Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы

- аудандық орталық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

               Аудан әкiмдiгiнiң   
2009 жылғы «14» сәуірдегі
№ 121 қаулыға № 2 қосымша

Әскерге шақырушылардың білім
деңгейiн анықтау тобының құрамы

Абдилбаев Нұртас Тұрысбекұлы

- Аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлім бастығының орынбасары, топ жетекшiсi (келісім бойынша)

Топ мүшелерi:


Оспанов Сансызбай Қожахметұлы

- Аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң бастапқы әскери даярлық пәнi бойынша әдiскерi

Ильясов Әдiл Әшкенұлы

- К.Нұрбаев атындағы орта мектебiнiң мұғалiмi

Ахметжанова Оралхан Нұранбасқызы

- Аудандық орталық емхананың дәрiгер - психиатры (келісім бойынша)

Абылқасымова Айгүл Төлеуханқызы

- № 1 Ақжар ауруханасының дәрiгер - психиатры  (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады