Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2011.03.02 N 83 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабының 3-тармағына және 20, 22, 23-баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарғысын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тарбағатай ауданында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. Ауылдық округ әкімдері аудан азаматтарын 2010 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке дер кезінде шақыруды және аттандыруды жүргізсін, осы кезеңге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын.
3. 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ауданда мерзімді әскери қызметке шақыруды сапалы өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша).
4. 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанындағы шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін (2-қосымша).
5. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (А. Қарабиев, келісімі бойынша) ұсынылсын:
1) шақыруды сапалы өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу;
2) шақыру пунктінің әкімшілігімен және дәрігер-мамандармен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;
3) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау.
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Е. Сейлханов, келісімі бойынша) аудан бойынша қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің ескеруімен әскери есепке тұрудан бас тартып жүрген және мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді сонымен қатар шақыру пунктіне тәртіп сақтау мақсатында наряд бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. Аудандық медицина бірлестігінің директорына (Д. Итбаев, келісім бойынша) ұсынылсын:
1) мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды куәландыру сапасын, медициналық тексерілуін бақылауға алу;
2) шақырушылардың флюрографиялық, электрокардиологиялық, басқа зерттеулермен қамтамасыз ету медицина бірлестігі есебінен толық ұсыну;
3) аудандық шақыру комиссиясын дәрігер мамандармен орташа медицина қызметкерлерімен толықтыру жөнінде шаралар ұйымдастыру;
4) аудандық медицина бірлестігінде шақырушыларды клиникалық зерттеу, тексеру және емдеу үшін қажетті мөлшерде орындар бөлу.
8. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру туралы ұсыныс жасалсын.
9. Ауданның қаржы бөлімі (Ж. Бекбаев) қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірге әскерге шақырылғандарды жіберу үшін және осы шараларды ұйымдастыруға байланысты шығындарды қаржыландырсын.
10. Тарбағатай ауданының тұрғындарына 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақырылу шараларының басталғандығы жайлы хабарландыруды баспасөзде жариялау ауданның ішкі саясат бөліміне (А. Тайшөгелов) тапсырылсын.
11. Аудан әкімдігінің 14 сәуір 2009 жылғы № 121 санды Тарбағатай ауданында «2009 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы» қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-16-74 нөмірімен 2009 жылдың 14 мамырында тіркелген, «Тарбағатай» газетінде 2009 жылдың 18 мамырында 19 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсін.
13. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тарбағатай ауданының әкімі М. Сапарғалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
подполковник А. Қарабиев
18 мамыр 2010 жыл
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы, полиция подполковнигі Е. Сейлханов
18 мамыр 2010 жыл
Аудандық медицина бірлестігінің
директоры Д. Итбаев
18 мамыр 2010 жыл
Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 18 мамырдағы
№ 130 қаулысымен
бекітілген 1-қосымша
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ауданда
кезекті әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы
Қарабиев Абдрахман Жұмашұлы |
аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша); |
Әзімханов Сләмбек Шәріпұлы |
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; |
Сейлханов Ерлан Әділғажыұлы |
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісімі бойынша); |
Итбаев Даулет Жанарбекұлы |
медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша); |
Нұрғалиева Күлімхан |
медициналық комиссияның хатшысы (келісімі бойынша). |
Тарбағатай ауданы әкімінің
аппаратының басшысы А. Смаилов