Ескерту. Күші жойылсын - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2010.07.27 N 23-8 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тарбағатай аудандық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 5-16-66 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 24 қаңтардағы Тарбағатай газетінде жарияланған. 2009 жылғы 21 шілдедегі № 14-7 шешімімен енгізілген өзгерістерімен «Тарбағатай» газетінің 2009 жылғы 22 тамызда жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілісін:
Жоғарыдағы аталған шешіммен бекітілген ережедегі 10 тармақтағы «Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілерімен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіліп бақыланады» деген сөйлемдер алынып тасталсын.
2. Осы шешім жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Б. Молдаханов
Тарбағатай аудандық
мәслихатының хатшысы М. Мағжаев