Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 10-8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда № 5-16-66 тіркелді. Күші жойылсын - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі N 23-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылсын - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2010.07.27 N 23-8 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6 бабының, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ереже бекітілсін.
      2. «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережесін бекіту туралы» Тарбағатай аудандық мәслихатының 2005 жылғы 16 наурыздағы № 12-6 шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім Тарбағатай ауданының әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009.07.21. № 14-7 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).

     Сессия төрағасы                   М. Рахымбаев

      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы              М. Мағжаев

Тарбағатай аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 10-8 шешімімен бекітілді

Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй
жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

1. Тұрғын үй көмегі

      1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және тұрғын үй-коммуналдық қызметті тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.
      2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік-аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам, осы пункттің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін.
      4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
      5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      6. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық
қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.

2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

      7. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      8. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар, 18 жасқа толмаған төрт және оданда көп баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар; мерзімі 12 аптадан асқан жүкті әйелдер; мүгедектіктері жоқ, бірақ есепке алынған туберкулез, наркологиялық, ісік ауруына шалдыққандар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      9. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      10. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 16-11 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      11. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта аттестациялауды жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009.07.21. № 14-7 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      12. Егер төлемақылар тарифтер мен норма шегінен аспаған жағдайда, тұрғын-үй көмегін тағайындауға нақты төленген төлем бойынша алынады. Шығындары, есептеу құралдарымен алынған жағдайда шығындау нормасынан аспаса, сол шығындар тұрғын-үй көмегін тағайындауға алынады.
      13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
      14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке /кемиді/ реттеледі.
      15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әлеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.
      16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электр қуатының төлемі жылытумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалент есептеледі.
      17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
      1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бұл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
      2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
      3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
      4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата- анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыруы қажет.
      18. алынып тасталды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009.07.21. № 14-7 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      19. Тапсырылған құжатттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған отбасының табысы мен коммуналдық ақы төлеулері еңгізіледі. Шарт-өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады (1 қосымша).
      21. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, қоқыс шығару, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі. (газбен, жылумен қамту негізгі түбіртек болмаған жағдайда, Материалдық тұрмыстық зерттеу актісімен белгіленеді.)
      22. алынып тасталды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009.07.21. № 14-7 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      23. алынып тасталды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2009.07.21. № 14-7 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек. (Уақытша жалданбалы жұмыс, көтерме жұмыс істегенде тапқан табыстарын, Арнаулы құрылған ауыл әкімдіктерінің, (Материалдық тұрмыстық актісімен бекітіледі).
      25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығындары және отбасы мүшелерінің шын тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шын ақпарат беруге міндетті. Талаптанған қүжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер бергені үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула:
      П=МСПЖ-(t х д);
      П - тұрғын үй көмегінің мөлшері;
      МСПЖ - тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем;
      t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (=10 %);
      д - отбасының жиынтық табыстары.
      Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесідей коммуналдық қызметтерді тұтыну шығыстары мен нормативтері қолданылады:
      1) тұрғын үй алаңының нормасы:
      жалғыз басты тұрып жатқан азаматтарға-30 ш.м;
      2 адамнан тұратын отбасына -30 ш.м;
      3 адамнан тұратын отбасына әрбір адамға -15 ш.м;
      2) газды шығындау нормасы:
      1 адам тұрса -5,5 кг;
      2 адам тұрса-11 кг;
      3 адам тұрса-12 кг;
      4 адам тұрса-14 кг;
      5 адам тұрса-15 кг;
      3) электр қуатының тұтыну нормасы:
      1 адамға - 78 кВт;
      2 адамға (әрқайсысына)- 61 кВт;
      3 және одан артық адамға (әрқайсысына)- 54 кВт;
      тамақ дайындау үшін электр плиталарын қолданатындар үшін электр қуатының тұтыну нормасы; газды шығындау нормасына парапар болып саналады.
      Тұтыну нормативтері және оларды сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, қоқысты жою, тұрғын үйді ұстауға шығыстар тарифтері қызмет берушілермен ұсынылады.

4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу

      27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
      28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері өтініш берген кездегі барлық үй мүшелерінің , тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған кірістері есепке алынады.
Келесідей кірістер есептелмейді:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) балалы отбасыларына берілетін жәрдемақы;
      3) тұрғын-үй жәрдемақысы;
      4) қайтыс болғандарды жерлеуге бір жолғы төлемақы;
      5) бала туғандағы бір жолғы төлемақы;
      6) ақшалай және нақты түрде алынған қайырымдылық төлемақы;
      7) өз ісін бастауға және мал өсіруге алынған материалдық көмек;
      8) төтенше жағдайлар кезінде өзі, не дүние мүлкі жапа шеккені үшін төленген жәрдемақылар;
      9) отбасы мүшесінің төлеген алимент мөлшері;
      10) қорғаншының кірісі (қамқоршының) (қамқорлыққа алынғанға тағайындалған жәрдемақылар);
      11) жеңілдікпен жасанды тіс жасатуға барып қайту жол төлемі;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заттай берілген келесідей көмектер:
      дәрі-дәрмек;
      шипажайда емделу;
      жасанды - ортопедтік бұйымдар (жасауы және жөндеуі);
      жылжу құралы (мүгедек арбашалары) және мүгедектерді оңалту үшін
      бөлінген бұйымдар;
      білім заңнамаларына сәйкес, білім ұйымдарында тегін
      тамақтандыру мен көмектер;
      13) көші-қон заңнамаларына сәйкес оралмандарға тұрақты жерге қоныстану үшін, дүние мүлкін көшіру үшін төленетін квоталар, тұрғын үй сатып алған қаражаттары;
      14) облыс әкімінің жеке тұлғаларға коммуналдық шығын өтеу үшін бөлінген қаражаттары;
      15) алынған микронесиелердің сомалары.
      29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      30. Қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      31. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (2 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
      32. Құжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егер де төлеуші:
      1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
      2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
      3) туберкулез немесе психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек профилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
      4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
      33. Әділет басқармасының тұрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыста барлық табыс жиынын табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
      35. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен есептеледі.
      36. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.

5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
жәрдемақыларын ұсыну тәртібі

      37. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда беріледі.
      38. Өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын
отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 4000 кг аспауы керек.
      39. Көмірдің құнын есептеу үшін, көмірдің сатып алынған нақты бағасы алынады;
      40. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
      41. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын (көмірдің құнын) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға алынады.
      42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының табысын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеу керек.
      43. Тұрғын үй көмегін есептегенде отбасы көмірдің қанша тонна, қандай бағамен алынғаны туралы анықтама ұсынады (ол болмаған жағдайда жергілікті ауылдық (кенттік) әкімшіліктен, әкім қолымен расталған көмірдің мөлшері мен бағасы туралы акт беріледі), ақырғы тұрғын үй көмегін алғаннан кейінгі бір жыл мерзімінде сатып алынған.
      44. Электр қуаты, газ, су, қоқыс жою, тұрғын үйді ұстауға шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы квитанциялардың орташаларын есепке алу керек.

5. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі

      45. Тұрғын үй көмегі бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      46. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті почта бөлімшелері ) арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және тиісті банкілер, почта бөлімшелері арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
      47. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгілеген органдар арқылы жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады