2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» шешімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 ақпандағы N 101 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда N 5-17-98 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 181 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2005 жылдың 24 наурызындағы № 75 «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2276 болып 2005 жылдың 14 сәуірде тіркелген, «Ұлан таны» аудандық газетінің 2005 жылғы 21 мамырдағы № 31 санында жарияланған) шешімге келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      Тұрғын үй жәрдемақыларын беру туралы Ережесіне:
      3 тармақтағы «ұсынылған» сөзінен кейін «халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына жататын азаматтар» сөзбен толықтырылсын;
      5 тармақтағы «7 пайыз» сөзі «10 пайыз» сөзімен өзгертілсін;
      8 тармақтағы «1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер» сөзінен кейін «күткені туралы анықтама ұсынғанда» сөзімен толықтырылсын;
      18 тармағы:
      «жалдау (жалға беру) келісім-шарты» сөзінен кейін «нотариалдық расталған» сөзімен толықтырылсын;
      «жеке қосалқы шаруашылық бар болу туралы берілген мәліметтер» сөзі «жеке қосалқы шаруашылық бар болу туралы мәлімет құжаттармен расталған» сөзіне өзгертілсін;
      «Әділет басқармасынан жылжымайтын мүлік туралы анықтама, жеке кәсіпкерлерге (салық комитетінен кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер туралы анықтама) азат жолмен толықтырылсын;
      29 тармағы:
      «тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады» сөздері «тоқсанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда он есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады» сөздермен өзгертілсін.
      37 тармағы:
      «тұрғын үйді жалдау келісім-шартының болуы» сөзінен кейін «нотариалдық расталған» сөзімен толықтырылсын;
      39 тармағы:
      «сатып алынған көмірдің құны» сөзінен кейін «бірақ ШҚО статистика басқармасымен белгіленген мөлшерінен аспауы қажет» сөзімен толықтырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                             С. Бельчуевский

      Аудандық мәслихат хатшысы                   Д. Тұрсынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады