Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі N 137 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 тамызда N 5-17-108 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 54 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 54 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау  Ережесі бекітілсін.
      2. Ауылдық округтер мен кент әкімдеріне, аудандық ұйымдар мен мекеме басшыларына осы Ережелерді сөзсіз орындау бойынша шаралар қолдану ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                   А. Барков

      Аудандық мәслихат хатшысы         Д. Турсунбаев

Ұлан аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 22 шілдедегі
№ 137 шешімімен бекітілген

Ұлан ауданында ауыл
шаруашылық жануарларын ұстау
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

      1. Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес Ұлан ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау мәселелерін реттеу мақсатында әзірленген.
      2. Осы Ереже Ұлан ауданындағы ұйымдар мен кәсіпорындарды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен жеке меншік нысанына қарамастан, халықты және жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда ауыл шаруашылығы малдарын ұстаушы барлық иелерге қолданылады.
      3. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) ауыл шаруашылық жануарларыадам өсіретін ауыл шаруашылығы малдарының және ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар құстардың барлық түрлері (ірі кара малдар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен еліктер, қымбат терілі аңдар және үй қояндары), сонымен қатар олардың түраралық будандары;
      2) ауыл шаруашылық жануарларының иелеріменшігінде немесе басқа иелігінде ауыл шаруашылық жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар;
      3) жануарларды ұстаужануарлардың өмірін, физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда құнды тұқым алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың және жануарлар әлемі өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жануарлар иелерінің істейтін іс-әрекеттері;
      4) ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі.

2. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстау

      4. Ауыл шаруашылық жануарлары қолданыстағы нормаларға сәйкес жеке меншік секторынан, стадиондар, қоғамдық тамақтану, сауда, тамақ өнеркәсібі, көп қабатты үйлер аумақтарынан, бұқаралық демалыс орындарынан, балалардың сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен, санаторийлерден, табиғи және жасанды су айдындарынан, артезиан құдықтарынан алыста орналасқан арнайы жабдықталған қора-жайларда, торларда ұсталуы керек.
      5. Тұрғын үйде, егер онда бір отбасыдан көп отбасы тұрса, белгіленген ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда осы үйде ауыл шаруашылық жануарларын арнайы жабдықталған қора-жайларда, торларда ұстауға рұқсат етіледі.
      6. Ауыл шаруашылық жануарларын сатуға, алып келуге және алып кетуге тек ветеринарлық төлқұжат негізінде ветеринария саласындағы уәкілетті орган беретін, белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлікті рәсімдегенде ғана рұқсат етіледі.
      7. Ауыл шаруашылық жануарларын әуе, су, темір жолдар көліктерімен тасымалдау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің 2006 жылғы 3 шілдедегі № 432 "Жануарларды және басқа мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль теміржол, әуе, су) ветеринарлық домдау туралы ережесін бекіту туралы" Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 14 тамызда № 4339 Бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстаудың шарттары:
      1) ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның талабы бойынша уақытылы сәйкестендіру, жыл сайын қайта тіркей отырып тіркеу, өте қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егу, паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы алдын алу, өндеу жұмыстарын жүргізу;
      2) жаңа туылған немесе сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарлары екі айдан кешіктірілмей ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органда қаралуы және тіркелуі тиіс;
      3) санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық - санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау.
      9. Ауыл шаруашылық жануарларының иелеріне рұқсат етілмейді:
      1) ауыл шаруашылық жануарларын айдап өту трассаларынан басқа селолық және кенттік тұрғын зоналарынан айдап өтуге,
      2) ауыл шаруашылық жануарларын көлдер мен басқа да табиғи және жасанды су айдындарында, адамдар демалатын орындарда шомылдыруға;
      3) қошаған ортаны ластауға;
      4) сою алдындағы ветеринарлық тексерусіз және сойғаннан кейінгі тұтас еті мен мүшелеріне ветеринарлық-санитарлық сараптамасыз, сату үшін ауыл шаруашылық жануарларын союға;
      5) ауыл шаруашылық жануарларының өлігін лақтырып тастауға және жерге көмуге;
      10. Ауыл шаруашылық жануарларын иелері қараусыз қалдырған жағдайда, қараусыз қалған ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес реттеледі.

3. Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің құқықтары

      11. Әрбір ауыл шаруашылық жануары иесінің жеке меншігі болып табылады және барлық жеке меншік сияқты заңмен қорғалады.

4. Ауыл шаруашылыық жануарлары иелерінің міндеттері

      12. Ауыл шаруашылық жануарларының иелеріне қажет:
      1) ауыл шаруашылық жануарларына адамгершілікпен қарау, оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, ал ауырып қалған жағдайында ветеринарлық көмекке жүгіну;
      2) ветеринар мамандардың ветеринарлық іс-шараларды өткізуіне қажетті жағдайлар жасау, ветеринария саласындағы уәкілетті органның талабы бойынша ауыл шаруашылық жануарларын қарауға, диогностикаға, зерттеуге және емдеу, алдын алу, өңдеулеріне уақытылы әкелу;
      3) барлық ауыл шаруашылық жануарларын төлқұжаттауды және сәйкестендіруді қамтамасыз ету;
      4) олардың тұратын және серуендейтін жерлерін қажетті санитарлық тазалықта ұстау және үнемі залалсыздандырып отыру. Жем қалдықтары мен қоқысты коммуналдық қызметтер арқылы қоқыс тастайтын жерге уақытылы шығару;
      5) ауыл шаруашылқ жануарларын қараусыз қалдырмау және қаңғып кетуіне жол бермеу;
      6) маңайдағы адамдардың, ауыл шаруашылық жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдау;
      7) ауыл шаруашылық жануарларын сатып алған, жоғалтқан немесе олар өлген жағдайда уақытылы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлау;
      8) ауыл шаруашылық жануарларының адамдарға немесе басқа жануарларға жарақат келтіргені туралы жақын маңдағы дәрігерлік мекемеге және ветеринар маманға уақытылы хабарлау;
      9) коммуналдық қызметке және ветеринар маманға ауыл шаруашылық жануарларының өлігін шығару және жою туралы дер кезінде хабарлау;
      10) үй малын табын жиналатын жерге дейін еріп апару және бақташыға тапсыру, сондай-ақ үй малын кешкі уақытта жайылымнан келгеннен кейін күтіп алу.

5. Осы Ережелерді сақтамағаны үшін ауыл шаруашылық
жануарлары иелерінің жауапкершіліктері

      13. Осы Ережелерді бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      14. Материалдық шығындары болған жағдайда зардап шегуші сол шығындардың орнын толтыру үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады