Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 17.07.2013 N 19 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1–тармағының 13)–тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына, «Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 75 «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы» қаулыларына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы 10 шілдедегі № 162 «Ұлан ауданы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-17-106 болып 2009 жылдың 29 шілдесінде тіркелген, 2009 жылғы 14 тамыздағы № 38 аудандық «Ұлан таңы» газетінде жарияланған) қаулының 1 тармағы келесі мазмұндамасы жаңа редакцияда қабылдансын: «Аудан тұрғындарының нысаналы топтарына жататын адамдарының тізбесіне мынандай санаттағы адамдар қосымшаға сәйкес енгізілсін:».
2. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданының әкімі Б. Уйсумбаев