Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 17.07.2013 N 19 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1–тармағының 13)–тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына, «Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 75 «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы» қаулыларына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан тұрғындарының нысаналы топтарына жататын адамдарының тізбесіне мынандай санаттағы адамдар қосымшаға сәйкес енгізілсін:
1) мектептер мен кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;
2) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
3) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
4) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
5) 50 жастан асқан әйелдер;
6) 55 жастан асқан азаматтар;
7) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ұлан аудандық әкімдігінің 2009.10.07 N 263 қаулысымен.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі Б. Уйсумбаев