Ескерту. Күші жойылды - Ұлан аудандық мәслихатының 2011.09.30 № 269 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36-бабының 6-тармағының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы негізінде, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданының базарларында тауарлар сатуға құқық беретін бір рет берілетін талондардың құны бекітілсін (№ 1 қосымша).
2. Қызметі ара тұра сипатта болатын жеке тұлғалардың тауарларын сату үшін бір рет берілетін талондар құны бекітілсін (№ 2 қосымша).
3. 2009 жылғы 22 шілдедегі № 129 «Бір рет берілетін талондар құнының мөлшері туралы» шешімнің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Г. Акбердинов
Аудандық
мәслихат хатшысы Д. Турсунбаев
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 22 қазандағы
№ 147 шешіміне № 1 қосымша
Ұлан ауданының базарларында тауарлар сатуға құқық беретін бір
рет берілетін талондардың құны
Салық салу объектісі |
Берілген ставкалар (теңге) |
1. Азық-түлік тауарлары: |
|
- дүкеннен сату |
1 шаршы метрге 30 теңге |
- жабдықталмаған сату |
1 шаршы метрге 30 теңге |
- қолдан сату |
65 теңге |
- ет сату |
250 теңге |
- жеңіл көліктен сату |
950 теңге |
- жүк көліктен сату |
1800 теңге |
2. Азық-түліктік емес тауарлар |
|
- дүкеннен сату |
1 шаршы метрге 30 теңге |
- қолдан сату |
65 теңге |
- жеңіл көліктен сату |
950 теңге |
- жүк көліктен сату |
1800 теңге |
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 22 қазандағы
№ 147 шешіміне № 2 қосымша
Қызметі ара тұра сипатта болатын жеке тұлғалардың тауарларын
сату үшін бір рет берілетін талондар құны
Салық салу объектісі |
Берілген ставкалар |
Бір күнге арналған ставка құны |
|
- газеттер мен журналдар |
55 теңге |
- тұқымдар, сонымен қоса |
55 теңге |
- бақша мәдениеті |
230 теңге |
- ауыл шаруашылық өнімдері |
50 теңге |
- жер телімдерін өңдеу бойынша |
250 теңге |
- үй және саяжай учаскелерінде |
60 теңге |
- құстар мен жануарларға арналған |
60 теңге |
- сыпырғыштар сату |
50 теңге |
- сыпыртқы сату |
150 теңге |
- орман бүлдіргенін сату |
130 теңге |
- бал сату |
130 теңге |
- саңырауқұлақтар сату |
150 теңге |
- балық сату |
350 теңге |
- қымыз сату |
140 теңге |
- құстар мен үй жануарларын бағу |
80 теңге |
- ұсақ кара мал |
100 теңге |