Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - (Ұлан ауданы әкімі аппаратының 2010.02.15 N 05/525 хаты).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының 2-тармағына сәйкес 2009 жылғы көктемде және күзде азаматтардың мерзімді әскери қызметке дер кезінде өтуін қамтамасыз ету мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 10 «Ұлан ауданының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-101 болып, 2009 жылғы 10 сәуірде тіркелген қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының 2 тармағында «ұйымдастыру ұсынылсын» деген сөздері, «ұйымдастырылсын» деген сөзімен өзгертілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
Ұлан ауданы әкімінің
міндетін атқарушы С. Нугманов