Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2010 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 12 қаңтарда N 5-17-123 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Ұлан аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 05/2488 хаты

       Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Ұлан аудандық әкімдігінің 2010.06.30 N 05/2488 хаты).

      Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында 2010 жылы он жеті жасқа толатын Ұлан ауданының еркек жынысты азаматтарын қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, денсаулық жағдайын, жалпы білімдік деңгейі мен мамандығын, дене даярлығының деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын-ала белгілеу және әскери-техникалық мамандар бойынша дайындауға іріктеу мақсатында, тұрғылықты жері бойынша тіркеу өткізілсін.
      2. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдасқан түрде, уақытында өткізу мақсатында – ауылдық округтер және кенттер әкімдеріне, аудан бюджетінен қаржыландырылатын мекемелер басшыларына:
      1) 2010 жылдың 10 қаңтарына дейін 1993 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тізімін анықтап, Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген үлгіде жазбаша хабарласын;
      2) тіркелетіндерге қажетті және шақыру қағаздарында көрсетілген құжаттарды уақытында беруді және жинақтауды қамтамасыз етсін;
      3) жасөспірімдердің флюрографиялық зерттеуге, анализ тапсыруға, тіркеу комиссиясына шақыру қағазында көрсетілген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
      3. Мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар бастықтарына (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. «Ұлан ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н. Тусубжанова) бюджетпен бекітілген шекте азаматтардың тіркеуін жүргізу шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Ұлан аудандық ауруханасына (Ж. Бухатов, келісім бойынша) тіркеуден өтетін азаматтардың:
      денсаулық жағдайын, әскерге жарамдылық дәрежесін анықтау үшін аудандық медициналық комиссия құру;
      зертханалық және флюрографиялық тексеруден өтуін қамтамасыз ету;
      стационарлық зерттеуден өтуі үшін емханалардан қажетті санда төсек орын бөлу ұсынылсын.
      6. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Уалиев, келісім бойынша) тіркеуге тұрудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіруге көмек көрсету ұсынылсын.
      7. Аудандық білім беру бөлімі, (Г. Бояубаева) тіркеу кезінде тіркеуден өтетін азаматтардың соғыс ардагерлерімен, әскери оқу орындарының курсанттарымен кездесулерін және олармен «Отанды қорғау – қасиетті борыш» тақырыбына тәрбие сабақтар ұйымдастырсын.
      8. Ұлан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы № 9 «2009 жылы Ұлан ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толған еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу туралы шешімінің күші жойылсын», (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-93 болып 2008 жылдың 18 желтоқсанында тіркелген, «Ұлан таңы» газетінің 2008 жылдың 27 желтоқсанында № 54 санында жарияланған).
      9. Аудан әкімінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 8 «Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2010 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы» шешімі бұзылсын.
      10. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.

      Ұлан ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                   С. Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады