Асу-Бұлақ кентіндегі Калинина көшесінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу-Бұлақ кентінің әкімінің 2009 жылғы 02 қарашадағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қарашада N 5-17-116 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 1993 жылдың 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, ШЕШЕМІН:
      1. Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Асу-Бұлақ кентіндегі Калинина көшесінің аты Тоқтар Абиев атына өзгертілсін.
      2. 1998 жылғы 25 сәуірдегі № 17 «Асубұлақ кентіндегі Калинин атындағы көшесіне Т.А. Абиевтің атын беру туралы» шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өз құзырымда қалдырамын.


      Әкім                               Н. Актанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады