Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек ұсыну Нұсқауын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 ақпандағы N 11-116-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 06 наурызда N 5-18-76 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 09 шілдедегі N 4-41-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012.07.09 N 4-41-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілген - Үржар аудандық мәслихатының 2010.08.02 N 21-237-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 7) тармақшасына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсынылып отырған «Жеке санаттағы азаматтарға материалдық      көмек ұсыну Нұсқауы» бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.
 

      Сессия төрағасы                            Т. Омаров

      Үржар аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        М. Бітімбаев

Үржар аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 16 ақпандағы № 11-116-IV
шешімімен бекітілді 

Жеке санаттағы азаматтарға материалдық
көмек ұсыну Нұсқауы

      1. Осы нұсқау «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-ші бабының 1 тармағының 7) тармақшасына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-4 Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1-ші тармағының 4) тармақшасын жүзеге асыруын бағыттап жасалған.
      2. Жеке санаттағы азаматтарға төмендегідей азаматтар жатады:
      1. Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар.
      2. Облыстық маңызы бар дербес мәртебелі зейнеткерлер.
      3. Үржар ауданының Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, облыстық маңызы бар дербес мәртебелі зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек ай сайын 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.
      4. Үржар ауданының Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, облыстық маңызы бар дербес мәртебелі зейнеткерлерге әлеуметтік көмекті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды. Ол үшін төмендегідей құжаттар ұсынылады:
      1. Өтініш
      2. Жеке куәлік
      3. Дербес зейнеткер куәлігі немесе Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындау жөніндегі шешімінің көшірмесі.
      4. Азаматтарды тіркеу кітабы.
      5. Банктегі жеке есеп-шоты.
      6. Әлеуметтік көмек төлеу есептелген сомаларды алушының ағымдағы немесе жинақтаушы шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер бөлімшелері арқылы жүргізіледі.
      7. Үржар ауданының Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, облыстық маңызы бар дербес мәртебелі зейнеткерлерге көрсетілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдылықтармен белгіленген тәртіп бойынша, қаржылық жылында осы мақсатқа қарастырылған тиісті облыстық қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      8. Үржар ауданының Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, облыстық маңызы бар дербес мәртебелі зейнеткерлерге (мекеме басшысының қолымен бекітілген тізіміне сәйкес) әлеуметтік көмек төлеуді бақылау, әр айдың 20 жұлдызында мемлекеттік төлеу орталығымен зейнеткерлердің тізімін сәйкестендіріп, есебін жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады