Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2012.07.09 N 4-41/V шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабына және 43 баптың 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жеке санаттағы азаматтарға материалдық көмек ұсыну Нұсқауын бекіту туралы» 2009 жылғы 16 ақпандағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 6 наурызда № 5-18-76 болып тіркелген, аудандық «Уақыт тынысы» газетінің 2009 жылдың 21 наурыздағы № 13 санында жарияланған) № 11-116-IV шешімінің кіріспесіндегі:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөзі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөзімен өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы С. Миқанова
Аудандық мәслихаттың хатшысы М. Бітімбаев