Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 маусымдағы N 371 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 маусымда N 5-18-82 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырдағы N 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2012.05.07 N 181 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармақшасына18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурызындағы № 264 Қаулысымен бекітілген Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурызындағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауын іс жүзіне асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс қимыл Жоспарын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтардағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік түріне байланыссыз кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда ұйымдастырылады. (бұдан әрі- жұмыс беруші).
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс беруші ауданның жергілікті атқарушы органымен келісім-шарт негізінде құрады. Келісім-шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарының мерзімі мен қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.
      5. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысына төлеген жұмыс берушінің шығындары Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген ең аз еңбекақының елу пайызы мөлшерінде жергілікті бюджет қаржылары есебінен жартылай өтеледі.
      6. «Жол картасы» щеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан нысаналы топқа жататын азаматтардың орташа еңбек ақысы 30 000 теңгені құрайды, оның ішінде 15 000 теңге республикалық бюджеттен, 15 000 теңге жұмыс берушінің қаржысы есебінен.
      7. Еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасы еңбек заңдылықтарына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан нысаналы топқа жататын азамат пен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек келісім шартымен анықталады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс жасаған жұмыс берушілерді іріктеу ресми ұсыныс түсу ретінде сай кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік  күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      10. Қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінң орынбасары С.Ж. Шоқаевқа жүктелсін.

      Үржар ауданының әкімі                   Б. Жанақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады