"2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 330 қаулыға толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы N 490 қаулы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 09 маусымда N 5-19-98 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 2/83 хаты

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010.01.15 № 2/83 хаты.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7, 20-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысы негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында және жұмысқа орналасуда қиындық көріп отырған халықтың әртүрлі тобын қолдау үшін Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 330 қаулыға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 30 желтоқсанда № 15-19-86 тіркелген, 2009 жылғы 4 қаңтарда «Уба-Информ» газетінің № 4 жарияланған) 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 444 «2009 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 330 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 06 мамырда № 15-19-95 тіркелген, 2009 жылғы 08 мамырда «Уба-Информ» газетінің № 19 жарияланған) қаулымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен мынадай толықтырулар енгізілсін:
      «Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың тізбесі» 2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес 14, 15, 16, 17-тармақтармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі                 Г.Ермолаев 

Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 26 мамырдағы
№ 490 қаулысына қосымша 

Мақсатты топтарға жататын тұлғалардың тізбесі

      14. Босатылған азаматтар;
      15. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан аса);
      16. Өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге, оның ішінде жұмыс көлемінің қайта ұйымдастыру және (немесе) қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні тәртібімен жұмыс істейтін тұлғалар;
      17. Жалақысы сақталынбайтын демалыстағы тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады