Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 495 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 16 маусымда N 5-19-99 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 2/83 хаты

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010.01.15 № 2/83 хаты.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-4) тармақшасы, 18-1 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасы) іске асыру мақсатында, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың мақсатты топтарынан азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындар (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындар) ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындар алты ай мерзімге дейін ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындар меншік нысанына тәуелсіз, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда ұйымдастырылады (бұдан әрі – жұмыс беруші).
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарды құруды «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен (бұдан әрі - Бөлім) келісім-шарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады.
      5. Жұмыспен қамту Бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссызға төленетін еңбекақы бойынша жұмыс берушінің шығындары Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен елу пайыз көлемінде жергілікті бюджет қаражатынан жартылай өтеледі.
      6. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған мақсатты топтардағы азаматтардың орташа еңбекақы көлемі 30 000 теңгені құрайды, оның ішінде 15 000 теңге Республикалық бюджет қаражаттары есебінен, 15000 теңге жұмыс берушінің қаражаты есебінен.
      7. Еңбек жағдайы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған мақсатты топтардағы азамат пен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шартымен анықталады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі ресми ұсыныстардың түсуіне қарай кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енеді және 2009 жылғы 01 маусымнан бастап туындаған қатынастарға тарайды.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары М.Е.Желдібаевқа жүктелсін.

      Шемонаиха ауданының әкімі               Г.Ермолаев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады