"Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 16 ақпандағы № 376 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 494 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 22 маусымда N 5-19-100 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 қыркүйектегі N 97 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011.09.01 N 97 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 95-IV Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 16 ақпандағы № 376 қаулыға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 ақпанда 15-19-93 нөмірімен тіркеліп, «Уба-Информ» газетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 12 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулықтың:
      1) 3-тармақтағы «Тәртіп» сөзі «Шарт» сөзімен ауыстырылсын;
      2) 3-тарауда «Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі» тақырыбындағы «Тағайындау тәртібі» сөзі «Тағайындау» сөзіне ауыстырылсын;
      3) 4-тарауда «Мерекелік күндерге арнап азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік төлемдер тағайындау тәртібі» тақырыбындағы «Тағайындау тәртібі» сөзі «Тағайындау» сөзіне ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енеді.

      Шемонаиха ауданының әкімі             Г. Ермолаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады