Қ аза қ стан Республикасынының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері" туралы 2005 жылғы 24 ақпандағы N 80 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2902 тіркелген, 2005 жылғы 5 сәуірдегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 118 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 80 "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3010 тіркелген, 2008 жылғы 31 мамырдағы "Орал өңірі" N 47 газетінде жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) аталған қаулының және осы қаулымен бекітілген ереженің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-ІV "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне" деген сөздер және сандармен ауыстырылсын;
2) аталған қаулының және осы қаулымен бекітілген ереженің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы Ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына" деген сөздер мен сандар сәйкесінше "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына" деген сөздер және сандармен ауыстырылсын.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 80 "Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 118 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3010 тіркелген, 2008 жылғы 31 мамырдағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына" деген сөздер мен сандар сәйкесінше "Бюджеттердің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына" деген сөздер және сандармен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |