Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы экономикасының нақты секторы салаларын бюджеттік несиелендіру мәселелері

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 80 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 30 наурызда № 2902 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 93 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 07.04.2015 № 93 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес және жергілікті бюджет қаржысы есебінен экономиканың нақты секторы салаларын несиелендірудің тәртібі мен шарттарын анықтау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2008.04.16 N 118, 2009.05.26 N 148 Қаулыларымен.
      1. Қоса беріліп отырған мыналар:
      1) Батыс Қазақстан облысы экономикасының нақты секторын қолдауға және дамытуға жергілікті бюджет қаржысы есебінен несиелендірудің Ережесі;
      2) Батыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының бюджеттік несие беруінің басым бағыттарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасындағыға сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінген несиелік қаржылардың мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. А. Ноғаевқа жүктелсін.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2008.04.16 N 118 Қаулысымен.
      Облыс әкімі

  Батыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2005 жылғы 24 ақпандағы
N 80 қаулысымен
бекітілді

Батыс Қазақстан облысы экономикасының
нақты секторы салаларын қолдауға және
дамытуға жергілікті бюджет қаржысы
есебінен несиелендірудің
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы экономикасының нақты секторын қолдауға және дамытуға бөлінетін бюджет қаржысы есебінен несиелер берудің міндетті тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2008.04.16 N 118, 2009.05.26. N 148 Қаулыларымен.

I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде төмендегідей түсініктер пайдаланылады:
      бағдарламалар әкімшісі - жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржылай жоспарлауға, негіздеуге және іске асыруға жауапты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган;
      бюджеттік несие - кредитордың шұғылдық, төлемдік және қайтарымдылық шарттарымен жергілікті бюджеттен беретін ақшасы;
      кредитор - жергілікті атқарушы орган - қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджеттік несиені беретін несиелік шарттың тарабы;
      қарыз алушы - негізгі қарыз бен сыйақы төлемдерін, сондай-ақ несиелік келісім бойынша басқа да төлемдерді өтеуге міндеттеме алған бюджеттік несие алатын қарыз алушы-банк, ең соңғы қарыз алушы;
      қарыз алушы банк - ең соңғы қарыз алушыны одан әрі несиелендіру үшін жергілікті бюджеттен бюджеттік несиелер алатын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк немесе ұйым;
      соңғы қарыз алушы - кредитор белгілеген шарт жағдайында қарыз алушы банкпен берілетін бюджеттік несиені алушы заңды немесе жеке тұлға, Қазақстан Республикасының резиденттері;
      бюджеттік несие бойынша берешек - қарыз алушы банктің бюджеттік несиені белгіленген күнге өтеу және қызмет көрсету кестесіне сәйкес төлемеген төлемдер сомасы;
      конкурстық комиссия - қарыз алушы банктерді іріктеу және ең соңғы қарыз алушы ұсынған облыс экономикасы салаларын дамыту жобаларын қарау жөніндегі комиссия.
      2. Бюджеттік несиелендіру жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына қабылданған жергілікті бюджетті орындауының құрамдас бөлігі болып табылады және соңғы қарыз алушыларға кейіннен несие беру үшін қарыз алушы-банктерге бюджеттік несие беру жолымен жүзеге асырылады.
      3. Бюджеттік несиелендіру шарттары кредитордың мүддесін қорғауды, несиелік тәуекелдің туындауын ең төменгі шамаға келтіруді қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Несиелендіру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурс өткізу жолымен таңдап алынған қарыз алушы-банктер арқылы облыстың жергілікті атқарушы органымен айқындалатын бюджеттік несие берудің басым бағыттарына сәйкес жүргізіледі.
      5. Бағдарлама әкімшілері тиісті бюджеттерді қабылдағаннан кейін бір айдан кем емес уақыт ішінде қарыз алушы - банкті анықтауға қойылатын талаптар белгіленеді.
      6. Осы Ереженің 5-тармағы орындалғаннан кейін бағдарлама әкімшісі үш жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға келісуге жібереді.
      Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келіседі және бұл жөнінде бағдарлама әкімшісіне жазбаша баяндайды.
      7. Бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде несиелер алуға өтінім беру мерзімін көрсете отырып, конкурс жариялайды. Қарыз алушы-банктерді жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен бюджеттік несиелендіру үшін конкурсқа қатысуға жіберілгендердің ішінен қарыз алушыларды іріктеу жөнінде құжаттарды қарау және конкурс өткізуді бағдарлама әкімшілері құратын конкурстық комиссия жүзеге асырады. Сонымен қатар конкурстық комиссия облыстың экономика салаларын дамыту жобаларын конкурстық іріктеуді жүзеге асырады, қарыз-алушы банкпен несиелік келісімдердің негізгі шарттарын белгілейді.
      8. Қарыз алушылармен жергілікті бюджет есебінен бюджеттік несиелер беру жөніндегі несиелік келісім жасау жергілікті атқарушы органдар қабылдаған несиелер беру туралы актілер негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Қарыз алушы несиелік шарттарға (келісімдер) қол қойғаннан кейін, үш ай ішінде бюджеттік несие жөніндегі қарыз алушы қабылдаған міндеттемелердің атқарылуын қамтамасыз ететін тиісті шарттарға (келісімдер) қол қоюы тиіс.
      9. Бюджеттік несие бойынша міндеттемелерді орындау қолданыстағы заңнамаларда немесе шартта қарастырылған кепілзат, кепілдеме бойынша немесе басқа де тәсілдермен қамтамасыз етіледі.

II. Несиелер берудің тәртібі мен шарттары

      10. Бюджеттік несиені беру бюджеттік несие жөніндегі міндеттемелердің атқарылуын қамтамасыз етуді куәландыратын шарттық несие, шарт кепілдемелері және құжаттар жасалып, тіркелгеннен кейін беріледі.
      11. Бюджеттік несиелер мақсатты болып табылады және мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте қарастырылған сомалар шегінде қайтарымды негізде беріледі.
      12. Несиелік шартта міндетті түрде бюджеттік несиенің төмендегідей негізгі талаптары мазмұндалуы қажет:
      1) берілу мақсаты;
      2) мөлшері;
      3) валюта;
      4) мерзімі;
      5) игеру мерзімі;
      6) сыйақы мөлшерлемесі.
      Бюджеттік несиенің негізгі талаптары және қарыз алушының санаты кредитордың шешіміне сәйкес белгіленеді.
      Несиелік шартқа қосымша талаптар, соның ішінде бюджеттік несиенің беру тәсілін, бюджеттік несиені өтеу және қамту кестесін, бюджеттік несие бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері енгізіледі.
      13. Несиелендіру мерзімі бизнес-жобаларға байланысты белгіленеді: қысқа мерзімді несиелер - 1 жылға дейін, орта мерзімді несиелер - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді несиелер - 5 жылдан 30 жылға дейін.
      14. Бюджеттік несиелер қарыз алушы банкке Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі белгілеген бюджеттік несиені тең мерзімде өтегенге дейінгі мерзімде құнды қағаздардың орташа сараланған кірістік мөлшерлемесі бойынша қайталама рыногында ұйымдасқан операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан деңгейден кем емес ұлттық валюта түрінде беріледі.
      15. Соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесінің көлемі осы ереженің 14 тармағына сәйкес анықталған қарыз алушы-банк үшін белгіленетін сыйақы берудің екі еселенген мөлшерлемесінен аспауы тиіс. Бюджеттік несиелер сыйақы мөлшерлемесінің өзгермелі түрінде де, тұғырлы түрінде де беріледі.
      16. Бюджеттік несиелер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу, қарыз алушылардың шаруашылық қызметіндегі шығындарды жабу және басқа да мерзімі өткен төлемдерді өтеу мақсатына берілмейді.
      17. Бағдарлама әкімшілерінің конкурстық комиссиялары облыс экономикасы салаларын дамыту жобаларын іріктеуді жергілікті атқарушы орган бекіткен несиелендірудің басым бағыттарына сәйкес жүргізеді, салалық сараптаманы жүзеге асырады және жобаларды экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономикалық сараптама жасау үшін келісуге ұсынады. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін өзінің мәжілістерінде облыс экономикасын дамытудың мақұлданған жобаларының тізімін қарайды және бекітеді. Конкурстық комиссияның шешімдері ұсынба сипатта болады, хаттама түрінде ресімделеді және мүдделі тараптарға жеткізіледі.
      18. Конкурс нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыз алушыны анықтайды және белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың тиісті шешімдерінің жобасын ұсынады.
      19. Қарыз-алушы банк арқылы кредитордың несиелік қорынан соңғы қарыз алушыға несиелер беру қолданыстағы заңнамаларға, жасалған несиелік шарттарға және қарыз алушы-банктің ішкі несиелік саясатына сәйкес іске асырылады.
      20. Қарыз алушы-банк соңғы қарыз алушының жобаларына мынадай жолдармен сараптама жүргізеді: соңғы қарыз алушының төлем қабілеттілігін және бюджеттік несиені өтемеген жағдайдағы тәуекелдік дәрежесін саралайды, несиені өтеудің қолда бар көздері мен қамтамасыз ету жолдарына тексеру жүргізеді. Қарыз алушы-банк мақұлданған жобаларды қаржыландыруға келісетіндігі туралы бағдарлама әкімшілеріне жазбаша түрде мәлімдейді.
      21. Қарыз алушы-банктің соңғы қарыз алушыға беретін несиесі бойынша банктік сыйақы мөлшерлемесін қарыз алушы-банк соңғы қарыз алушымен бірлесе отырып, осы Ереженің 15 тармағында белгіленген шегінде анықтайды.
      22. Мақұлданған жобалар бойынша қарыз алушы-банк соңғы қарыз алушыға несие беру туралы қажетті құжаттарды ресімдейді, несиелік шарттар жасайды.
      23. Несиелік келісім және онымен байланысты құжаттар жасалғаннан кейін қарыз алушы банк соңғы қарыз алушының атына қарыз есепшотын ашады, оған несиелік шартқа сәйкес бюджеттік несие сомасы аударылады. Көрсетілген есепшоттан соңғы қарыз алушының есепшотына немесе оның төлем құжаттарын төлеуге ақша аудару арқылы несие беру жүзеге асырылады.
      24. Жеңілдік несиеге бағытталған, жергілікті бюджетте қарастырылған қаржыны Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті тиісті бағдарлама әкімшілерінің есепшотына олардың өтінімдеріне сәйкес аударады және бағдарлама әкімшілері қарыз алушы банкке соңғы қарыз алушыны несиелендіру үшін қарыз алушы банктің нақты жоба бойынша оң қорытындысы туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін бөледі.
      25. Қарыз алушы банк 15 күнтізбелік күн ішінде несиелік ресурс ретінде пайдаланылатын бюджет қаржысын игермеген жағдайда олар 5 банк күні ішінде бағдарлама әкімшілерінің есепшотына қайтарылуы тиіс. Бөлінген бюджет қаржысын игермеген жағдайда бағдарлама әкімшілерінің есепшотына ақша қаражатын дер мерзімінде қайтармағаны үшін айыппұл мөлшері қарыз алушы банкпен жасалынған несиелік келісімде белгіленеді.

III. Несиелерді өтеудің және
қызмет көрсетудің тәртібі

      26. Несиелік шартта жеңілдік кезеңін беру қарастырылуы мүмкін, яғни қарыз алушы алған несиесін қайтармаған мезгіл ішіндегі бюджеттік несие мерзімінің құрамына кіретін кезең. Жеңілдік кезеңінің ұзақтығы бюджеттік несие мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспауы тиіс.
      27. Қарыз алушының негізгі борышын өтеу, сыйақы төлеу және осыған басқа да қатысты өзге де төлемдерді төлеу, жасалған несиелік келісімге сәйкес іске асырылады. Бұл ретте төлемнің төмендегідей кезектілігі белгіленеді:
      1) есептелген айыппұлдар мен төлемақы түсімі;
      2) есептелген сыйақылар;
      3) негізгі қарызды өтеу.
      28. Бағдарлама әкімшілері қарыз алушы банк несие келісім шарттарын бұзған жағдайда несие келісімін мерзімінен бұрын бұзуға және берілген несие сомасын қайтарып алуға құқылы.
      29. Бағдарлама әкімшілері несиелік келісім бұзылмаған болса, несиенің мақсатсыз пайдаланылу фактілері анықталған жағдайда қарыз алушы банктен мақсатсыз пайдаланылған несие сомасының 25% айыппұл мөлшерімен қоса өндіріп алуға құқылы.
      30. Қарыз алушы-банк бюджеттік несиені несиелік келісімде көрсетілген мерзімде өтемеген жағдайда қалыптасқан берешектерге мерзімі өткен әр күн үшін қайтарылуға тиісті соманың нөл бүтін оннан бір пайызы мөлшерінде айыппұл есептеледі.
      31. Қарыз алушы-банк негізгі қарыз сомасын және басқа да осы несиеге байланысты төлемдер мен айыппұлдарды қайтарған жағдайда жергілікті бюджет қаржысы есебінен берілген несие өтелген болып саналады.
      32. Соңғы қарыз алушыда бюджеттік несие бойынша берешектер қалыптасқан және оны несиелік шартта белгіленген мерзімде өтемеген жағдайда, қарыз алушы-банк несиені кепілдік заттар арқылы өндіру жолымен мәжбүрлеп қайтару жөнінде шаралар алады.
      33. Соңғы қарыз алушы несиені дер кезінде қайтармаған жағдайда және егер қарыз алушы-банк орындаған рәсімдік нормалар қарыз алушының берешекті қайтаруына мүмкіндік жасамаса, қарыз алушы-банк облыстық бюджетке қаржыны өздерінің есебінен қайтаруды қамтамасыз етеді. Аталған қаржыны қайтару мерзімі кредиторлар мен қарыз алушы-банк арасында қол қойылып жасалған несиелік келісімде белгіленеді.
      34. Бюджеттік несиені қайта құрылымдау туралы шешім қарыз алушының қаржы жағдайын сауықтыру жөніндегі жоспары болған жағдайда қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау негізінде қабылданады.
      35. Бюджеттік несиені қайта құрылымдау: сыйақы мөлшерлемесін, несиені өтеу мерзімін немесе төлем кезеңділігін, несие валютасын өзгерту туралы шешім жергілікті атқарушы орган жанындағы консультативтік-кеңес беру органының оң қорытындысы болса, облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      36. Жергілікті бюджеттің бюджеттік несиесін қайта құрылымдау бір реттен кем емес жүзеге асырылады және несиелік келісімге қосымша келісім жасау арқылы ресімделеді.
      37. Мұнда несиені өтеу мерзіміне немесе төлемнің кезектілігіне, несие валютасына, сондай-ақ сыйақының мөлшерлемесіне өзгерістер жасағанда, ол тиісті қаржы жылының жергілікті бюджеті туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшеріне әсер етпеуі керек.

IV. Несиелерді есепке алу және бақылау

      38. Бюджеттік несиелердің мақсатты жұмсалуын бақылау және онда міндеттемелердің атқарылуын қамтамасыз ету қарыз алушы-банктер мен бағдарламалардың әкімшілері бөлінген қаржының жұмсалу бағыттарын тексеру жолымен жүзеге асырады.
      39. Қарыз алушы несиелік қорды белгіленген мақсатта жұмсамағаны белгілі болса банк 3 күн ішінде бұл туралы бағдарламалардың әкімшілеріне хабарлайды және берілген қаржыны мерзімінен бұрын қайтару жөнінде шаралар алады. Несиені мерзімінен бұрын қайтару соңғы қарыз алушы берешектерінің барлық сомасын мерзімі өткен несиеге шығару, яки мерзімінен бұрын өндіріп алу жолымен жүзеге асырылады.
      40. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен қарыз алушы-банкке берілген барлық несиелер Батыс Қазақстан облысының қаржы департаментінде белгіленген тәртіппен міндетті түрде тіркелуге жатады.
      41. Бағдарламалардың әкімшілеріне берілген бюджеттік несиелерге мониторингі жүргізуді Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі белгілеген тәртібі мен нысаны бойынша қарыз алушы-банктің жүйелі түрде есеп беруі негізінде іске асырады.
      42. Берілген несиелерді пайдаланудың тиімділігін бағалауды бағдарламалардың әкімшілері іске асырады.
      43. Бағдарламалардың әкімшілері бақылау мақсатында қарыз алушы-банктерден жергілікті бюджет есебінен берілген несиеге байланысты қажетті ақпараттарды талап етуге құқылы.

  Батыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2005 жылғы 24 ақпандағы
N 80 қаулысымен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысының жергілікті
атқарушы органдарының бюджеттік
несиелендірудің басым бағыттарының
тізбесі

Шағын

кәсіпкерлікті дамыту

*

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау және дамыту

1. Жаңа технологиялар мен жабдықтар түрін енгізу және игеру;
2. дәрілік табиғи шикізатты, сондай-ақ дәрі-дәрмек заттары, таңу материалдары мен санитарлық-
гигиеналық заттарды дайындау және қайта өңдеу;
3. ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
4. алкоголсыз сусындар, тамақ өнімдерін және оларға орама материалдар өндіру;
5. картон-қағаз өнімдерін өндіру;
6. жиһаз, столярлық бұйымдар және фурнитура өндіру;
7. ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары үшін жабдықтар және басқа да техника өндірісі;
8. құрылыс материалдарын, құрастырмалар мен бұйымдар өндіру;
9. тігін бұйымдары, арнаулы киімдер және тоқыма бұйымдар өндіру;
10. мал шаруашылығын дамыту;
11. экономиканың түрлі саласында импорт алмастыратын өнімдер өндіру және дамыту;
12. қызмет көрсету саласын дамыту (тұрмыстық, полиграфиялық, медициналық, жөндеу, құрылыс-жөндеу және басқалары);
13. кәсіпкерлік инфрақұрылымы саласында кәсіпорындар құру (консалтингтік, аудиторлық, маркетингтік қызмет көрсету);
14. неғұрлым аз қамтылған азаматтарды шағын несиелендіру;
15. көкөніс, бау-бақша, картоп өндірісін дамыту;
16. жемшөп азығы өндірісін дамыту;
17. нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру;
18. қол өнерді дамыту;
19. туризмді дамыту;
20. жол-сервистік қызметті дамыту.
 
1. Агроөнеркәсіп кешені салаларында импорт алмастыратын өнімдер өндіруді дамыту, қолдау және өндірістер ашу;
2. ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және қайта өңдеу;
3. мал шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту және қолдау;
4. өсімдік шаруашылығын дамыту және қолдау;
5. жаңа технологиялар мен жабдықтар енгізу және игеру;
6. өндірістік ғимараттарды ашу, қайта жаңарту және жөндеу;
7. ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндіру және жөндеу;
8. ауылшаруашылығы
тауарөндірушілерінматериалдық-
техникалық ресурстармен қамтамасыз ету және сатып алу;
9. агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарына және ауылшаруашылығы тауарөндірушіле- ріне қызмет көрсету жөнінде кәсіпорындар ұйымдастыру;
10. ауыл шаруашылығы техникасының лизингі.

      
      Ескерту. 2 бағымы алынып тасталды - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2008.04.16 N 118 Қаулысымен.

  Батыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2005 жылғы 24 ақпандағы
N 80 қаулысына
қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының
тізбесі

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға несиелер берудің Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы N 38 қаулысы (тіркеу N 1973, облыстық газеттер "Приуральеде" және "Орал өңірінде" 2003 жылғы 27 ақпандағы N 24 санында жарияланған).
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыс әкімдігінің жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға несиелер берудің Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы N 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 19 ақпандағы N 50 қаулысы (тіркеу N 2548, облыстық газет "Орал өңірінде" 2004 жылғы 30 наурыздағы N 38 санында жарияланған).
      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті бюджет қаржысы есебінен өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдауға және дамытуға несиелер берудің Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы N 42 қаулысы (тіркеу N 1977, облыстық газеттер "Приуральеде" 2003 жылғы 1 наурызда N 25, "Орал өңірінде" 2003 жылғы 11 наурызда N 26 сандарында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады