Орал қаласының "Лиманная" көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 24-4 шешімі және Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 1547 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қаңтарда N 7-1-162 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссияның шешімі негізінде Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Орал қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласының "Лиманная" көшесінің атауы "Қ. Миханова атындағы көше" деп өзгертілсін.
      2. Осы шешім мен қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының        Орал қаласының әкім
      кезекті 24-ші сессиясының        С. Х. Оразов
      төрағасы
      С. Х. Кустанович

      Орал қалалық мәслихатының
      хатшысы
      Ә. Қ. Истелюев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады