Ақжайық ауданда біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 ақпандағы № 11-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда № 7-2-71 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 8-2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 05.01.2013 № 8-2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексіне, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Базар аумағындағы дүнгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен занды тұлғаларға біржолғы талондардың құны 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Айына салық салу бірлігіне тіркелген бірыңғай жиынтық салық ставкалары 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрайымы С. Уразова
      Мәслихат хатшысы Д. Жақсыбаев

  Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 25 ақпандағы
N 11-3 шешіміне 1 қосымша

Базар аумағындағы дүнгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, базарларда тауарларөткізу, жұмыстар
орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен
занды тұлғаларға үшін біржолғы талондардың құны

N

Қызмет түрлері

Чапаев ауылы (тенге)

1

Базарларда өнеркәсіп тауарларда өткізу

107

  Аудандық Мәслихаттың
2009 жылғы 25 ақпандағы
N 11-3 шешіміне 2 қосымша

Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке
тұлғаларға біржолғы талондардың құны

N

Базарда сатылатын заттар және көрсетілетін қызмет түрлері

Чапаев ауылы (теңге)

Тайпақ ауылы (теңге)

Басқа ауылдар (теңге)

1

Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы);




1)

Газеттер мен журналдар;

47

37

27

2)

Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет);

47

37

27

3)

Бақша дақылдары;

47

37

27

4)

Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді;

47

37

27

5)

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін

47

37

27

6)

Жануарлар мен құстардың жемдерін;

47

37

27

7)

Сыпыртқылар,сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды(стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда);

47

37

27

2

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметін;

178

142

95

3

Үй жануарлары мен құстарын бағу

60

60

60

  Аудандық Мәслихаттың
2009 жылғы 25 ақпандағы
N 11-3 шешіміне 3 қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген
бірыңғай жиынтық салық ставкалары

N

Қызмет түрлері

Чапаев ауылы (АЕК)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған,ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардын қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

10

5

Карт

3

6

Бильярд үстелі

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады