2009 жылдың мамыр-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1982-1991 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 136 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 7 мамырда N 7-2-73 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы N 170 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 20.05.2009 N 170 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы шілденің 8-дегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20 баптарын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармақтың 8 тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы сәуірдің 1-дегі N 779 Жарлығын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17-ші сәуірдегі N 543 Қаулысын басшылыққа алып, мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып, қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылдың мамыр-маусым және қазан-желтоқсан аралығында шақыру кезінде жасы 18-ге толған, сондай-ақ шақыру жасындағы 1982-1991 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

      2. Медициналық тексеру:

      1) Чапаев, Жайық, Мерген, Акжол, Жаңабұлақ, Бударин, Алғабас, Қабыршақты, Жамбыл, Ақсуат, Есенсай, Құрайлысай, Қарауылтөбе ауылдық округтарында тұратын әскерге шақырылушыларға – Ақжайық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде өткізілсін.

      2) Базаршолан, Базартөбе, Алмалы, Сарытоғай, Тайпақ ауылдық округтарында тұратын әскерге шакырылушыларға – Тайпақ аймақтық медициналық бірлестігінде өткізілсін.

      3. Тұрақты жұмыс істейтін шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      4. "Ақжайық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының бас дәрігері (Дүсеев М.Б.)

      1) Шақыру кезінде хирургиялық, терапевтік, инфекциялық бөлімдерінен, сондай-ақ "Чапаев туберкулез аурухана" мемлекеттік мекемесінен 3 орыннан бөлу және онда қосымша тексеру мен емдеуге жіберілген шақырылушыларды уакытында қабылдау тапсырылсын.

      5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Зиналиев Б.) әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақтау мақсатында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын. Шақыру учаскесіне келмей қалған және келуден бас тартқан азаматтарды іздеп тауып, олардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге келуіне ықпал ететін болсын.

      6. Ауыл әкімдеріне:

      Әскерге шақырылушылардың комиссияға және оларды жиын пунктіне жеткізу уақтылы ұйымдастырылсын.

      7. Алынған қаулы баспасөзде ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Иманғалиев

  Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 21 сәуірдегі
N 136 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Қосымша

Тұрақты жұмыс істейтін шақыру комиссиясының
құрамы

      Комиссия төрағасы:

      Бердіғалиев Бекен Амангелдіұлы - Ақжайық ауданының

      қорғаныс істері

      жөніндегі бөлім

      бастығы

      Мажитов Рафхат Қуанайұлы - Ақжайық ауданының

      қорғаныс істері

      жөніндегі бөлім

      бастығының

      орынбасары -

      жұмылдыру дайындық

      және аумақтық қорғаныс

      бөлімшесінің бастығы

      Комиссия төрағасының орынбасары:

      Игильманов Марат Жеңісұлы – Ақжайық ауданының

      дене-шынықтыру және

      спорт бөлімінің бастығы

      Комиссия мүшелері:

      Шоқанов Қайырбек Серікұлы – Аудандық ішкі істер

      бөлім бастығының

      орынбасары

      Молдағалиев Аслан Киікбайұлы – Тайпақ полиция бөлім

      бастығының орынбасары

      Хайруллина Жанар Мерекеқызы – аға дәрігері

      Кайырғалиева Қамажай Өресқызы – комиссия хатшысы

      Нұрғалиева Роза Балғабайқызы – комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады