Жаңабұлақ ауылдық округінің "Әбілсай" елді-мекені аумағында құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 412 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 9 желтоқсанда N 7-2-82 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы N 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2010.02.08 N 21 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23.01.2001 жылғы N 148 Заңының 31, 37 баптарын және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 10.07.2002 жылғы N 339-ІІ Заңының 10 бабын басшылыққа алып. Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасының 01.12.2009 жылғы N 133-ші сараптау актісіне сәйкес, Жаңабұлақ ауыл округінің "Әбілсай" елді-мекені аумағында құтыру ауруы қаупінің алдын-алу шаралары, шектеу салу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауыл округінің "Әбілсай" елді-мекені аумағында құтыру ауруынан шектеу іс–шаралары белгіленсін.
      2. Алынған қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Алынған қаулының жүзеге асырылуы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы М. Сердалинге, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының бастығы М. Нысанбаевқа (келісім бойынша), ветеринария бөлімі бастығының міндетін атқарушы А. Абугалиевке (келісім бойынша), Жаңабұлақ ауыл округінің әкімі Б. Құбаевқа жүктеліп, бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Хайруллинге тапсырылсын.

      Аудан әкімі              А. Иманғалиев

Ақжайық ауданы әкімдігінің
"Жаңабұлақ ауылдық округінің
"Әбілсай" елді-мекені аумағында
құтыру ауруы шығуына байланысты
шектеу іс шараларын енгізу
туралы" аудан әкімдігінің
2009 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 412 Қаулысына

КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Ақжайық аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      М.Е. Нысанбаев_______7 желтоқсан 2009 жылы

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Ақжайық аудандық аумақтық
      инспекциясының ветеринария бөлімі
      бастығының міндетін атқарушы
      А.А. Абугалиев_______7 желтоқсан 2009 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады