Бөрлі ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 ақпандағы № 10-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 27 наурызда № 7-3-76 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі № 5-9 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012.07.18 № 5-9 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Бөрлі ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі" бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Карачурин
      Аудандық мәслихат хатшысы И. Измағамбетов

  Бөрлі аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 ақпандағы
№ 10-5 шешімімен бекітілен

Бөрлі ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың
ережесі
1. Жалпы бөлім

      1. Осы ереже Бөрлі аудан аумағындағы ит пен мысық бар барлық заңды және жеке тұлғаларға таралады.

      2. Осы ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ит – көлемі, түсі және өзге белгілеріне белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын жануарлар;

      2) мысық - көлемі, түсі және өзге белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын жануар;

      3) ит пен мысықтың иесі - жеке немесе басқа да иелігінде иті немесе мысығы бар жеке немесе заңды тұлға.

      3. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшеде, аула аумағықтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және өзге де орындарда) иесіз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбастар деп саналып, қаңғыбас жануарларды аулау мен өлген жануарлардың өлімтіктерін жинау бойынша мамандандырылған мекемелердің міндетті аулауына және оларды жеті тәулік бойы арнайы торларда ұстауға жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілмен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады.

      Аулау уақыты болып қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелер мен "Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тіркеу журналында тіркелген жануарлардың аулану уақыты саналады. мен арнайы кезбе жануарларды аулайтын мекеменің тіркеу журналында жазылған уақытынан есептелінеді. Тіркеу журналында жануардың түрі, оның жынысы, түсі, фото суреті (электронды түрде болуы мүмкін) және жануарларға жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы қажет.

      Жеті тәулік ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелерге немесе "Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жануарларды кері қайтарып алуы үшін хабарласуына болады.

2. Ит пен мысық иелерінің құқығы мен міндеттері

      4. Кез келген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.

      5. Иттер пен мысықтардың иелері еркін және қадағалаусыз серуенге шығаруға құқылы:

      1) иттерді жеке иеліктегі үйде тек жақсы қоршалған аумақта, қоршау жануарлардың қашып кетпеуін етіп бара жатқандарды тістеп алмауын қамтамасыз етуі қажет, иттің бар екенін білдіретін "Итпен күзетіледі!" деген жазуы мен иттің бейнесі бар ескерту тақта жасалып, ілінуі қажет;

      2) иттер мен мысықтарды "зообұрыштарында", жазғы және қысқы сауықтыру санаториялық-курорттық мекемелерінің (санаториялар, демалыс үйлері, пасионаттар), санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қызметтердің рұқсатымен ұстауға.

      6. Иттер мен мысық иелері міндетті:

      1) сатып алған күннен бастап екі апталық мерзімде өздерінің Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінде тіркетуге;

      2) иттер мен мысықтарды ұстау, өсіру және пайдалануды ветеринарлық (ветеринарлық–санитарлық) нормативпен ережелерге сәйкес жүзеге асыруға;

      3) иттер мен мысықтардың адамдарды және басқа да жануарларды тістеп алуы, жарақаттау жағдайлары туралы медициналық мекемелерге, қалалық ветеринарлық бөлімге жедел хабарлап, жануарды жақын жердегі ветеринариялық мекемеге жеткізуге;

      4) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша қарсылықсыз жануарларды тексеруге, диагностикалық зерттеулер және емдеу - алдын алу шараларын жүргізу үшін ит пен мысықты әкелуге;

      5) үнемі иттерінің мойынына жақсы көрінетін иттің аты, оның тұқымы, иесінің мекен-жайы мен телефоны (созылмал және қауіпті) аурулардың бар болуы туралы жазылған биркасы бар қарғы тағуы қажет;

      6) иттің немесе мысықтың отбасында болуы жағдайында немесе кәмелетке толмаған балалардың жануарлармен бірге тұруы кезінде жануарларға ішек және тері құрттарына қарсы жүйелі түрде шаралар жүргізуге.

3. Қалалық көлікте ит пен мысықты тасымалдау

      7. Калалық көлікте иттер пен мысықттарды тасымалдау келесі жағдайда рұқсат етіледі:

      1) тасымалданатын иттің қысқа қарғыбауы мен тұмылдырық болуы қажет;

      2) тасымалданатын мысық жабық жәшік немесе кәрзенкеде болуы қажет.

4. Тұрғын үй кооператив, жеке пәтер кооперативтері,
кондоминиумдардың ит пен мысықты серуендету ережесін
қамтамасыз етуі бойынша құқығы

      8. Тұрғын үй кооперативтері, пәтер иелері кооперативтері, кондоминиумдар құқылы:

      1) пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын-үй коопертативтеріне, кондоминиумдарға бекітілген аумақта немесес құрылыс салудан бос және кооперативке жапсарлас шағын ауданның (махалланың) аумағында кестелер мен белгілердді орнатумен иттерді серуендету орындарын белгілеу;

      2) иттердің серуендеу орны белгіленген аула аумақтарын санитарлық жағдайда ұстау;

      3) иттер мен мысықтар кіре алмайтындай жер астына, шатырларға және тағы басқа да қосымша жайларға кіру есігін жабық күйінде ұстау;

      4) жануарларды ұстаумен ұйымдарға өзінің аумағында үйсіз қаңғыбас иттер мен мысықтардың болуын хабарлау.

5. Ережені бұзғаны үшін жеке және
заңды тұлғалардың жауапкершіліктері

      9. Осы ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады