Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2010.01.29 N 17-5 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Мұқтаждықта өмір сүріп жатқан азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 14 тамыздағы N 7-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-3-61 тіркелген, 2008 жылғы 9 қыркүйектегі "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде жарияланған) шешіміне 2009 жылғы 3 наурыздағы N 10-7 "2008 жылғы 14 тамыздағы N 7-8 "Мұқтаждықта өмір сүріп жатқан азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-3-75 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 27 наурыздағы "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінің N 23 санында жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, келесі толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақ келесі мазмұндағы 7) тармақшасымен толықтырылсын:
"7. Азық түліктің қымбаттауына байланысты, 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы алатын әрбір балаға азық-түлік себетінің деңгейі төмен тұратын отбасыларына (атаулы әлеуметтік көмек алушылардан басқа)."
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Агаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | И. Т. Измағамбетов |