Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2010.02.09 N 18 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" N 543 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылып, бекітілсін. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау Департаментінің "Бөкей ордасы аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша):
1) шақыру кезінде медициналық комиссияның құрамын айқындап, соған арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті, тәжірибелі дәрігер-мамандар, медбикелер бөлу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету;
2) шақыру комиссиясы емдеу мекемесіне жіберген шақыртушыларды стационарлық тексеруден өткізу;
3) осы мақсатқа арнап аудандық ауруханадан орындар бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Бөкей ордасы ауданының ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. "Бөкей ордасы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды әскери бөлімшелерге алдыру жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарға, аудандық бюджеттен қаралған қаражатын бөлсін.
8. "Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақырудың барысы туралы қорытынды ақпаратты 2009 жылдың 10 шілдесіне және 2010 жылдың 10 қаңтарына тапсыру ұсынылсын.
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 17 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
Аудан әкімі | Р. Карин |
1-қосымша Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 82 қаулысымен бекітілді |
Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2009.09.18 N 187 Қаулысымен.
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы
Келісілді:
Алтаяқов Бауыржан Жиенбайұлы - аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы,
шақыру комиссиясының
төрағасы;
Айтқалиев Ержан Жексенұлы - аудан әкімі аппаратының
басшысы, комиссия
төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Искаков Жанболат - аудандық ішкі істер
Төлепқалиұлы бөлімі бастығының
орынбасары (келісім
бойынша)
Хаирова Ағайша Ермекқызы - терапевт, медициналық
комиссия төрағасы;
Мұхатова Роза - аудандық аурухананың
медбикесі, комиссия
хатшысы
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының (резервтік) құрамы:
Теміров Бердібек Баубекұлы - аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімнің
әскерге шақыру және
келісім-шарт бойынша
әскери қызметкерлерді
жинақтау бөлімшесінің
бастығы, шақыру
комиссиясының төрағасы;
Жұмабекұлы Бекбол - аудан әкімі аппаратының
құжаттар айналымын
қамтамасыз ету және
қаржы-шаруашылық
бөлімінің меңгерушісі,
комиссия төрағасының
орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Жанбаев Мадияр Исатайұлы - аудандық ішкі істер
бөлімі бастығының
орынбасары (келісім
бойынша)
Нүркенов Серік Насиұлы - хирург, медициналық
комиссия төрағасы;
Ташуов Жалғас Есқайырұлы - аудандық "Нарын жастары"
жастар қоғамдық
бірлестігінің жетекшісі,
комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі (жергілікті уақыт бойынша) сағ. 9.00-дан 17.00-ға дейін белгіленсін.
Аудандық медициналық комиссияның құрамы:
Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер
дәрігер мамандар:
Хирург
Көз дәрігері
Нарколог
Невропатолог
Тері венеролог
Дерматолог
Ренгенолог
Тіс дәрігері
Отоларинголог
Терапевт
Психиатр
Орта буын медицина қызметкерлері:
Көз дәрігерінің медбикесі
Терапевт дәрігердің медбикесі
Отоларинголог дәрігердің медбикесі
Рентгенолог дәрігердің медбикесі
Психиатр дәрігердің медбикесі
Нарколог дәрігердің медбикесі
Тіс дәрігердің медбикесі
Невропатолог дәрігердің медбикесі
Дерматолог дәрігердің медбикесі
Фтизиатрдың медбикесі
медбикесі
медбикесі
2-қосымша Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 82 қаулысымен бекітілді |
Азаматтарды мерзімді әскери
қызметке шақыруды өткізу
кестесі
N р/с | Қорғаныс істері жөніндегі бөлім | Комиссияның жұмыс күндері | |||||
сәуір | мамыр | маусым | қазан | қараша | желтоқсан | ||
1 | Қорғаныс істері жөніндегі бөлім | 17, 20, 21, 22, 23, 24, 27 | - | - | 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9 | - | - |