Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 187 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қазанда N 7-4-92 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 ақпандағы N 18 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2010.02.09 N 18 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және кейбір мемлекеттік органдардағы кадрлық өзгерістерге байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 82 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 7-4-88 тіркелген, 2009 жылғы 9-15 маусымдағы аудандық "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

      Искаков Жанболат Төлепқалиұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

      Жанбаев Мадияр Исатайұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

      Ташуов Жалғас Есқайырұлы – аудандық "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);

      тиісті комиссия құрамынан Қабиев Есенболат Қапезұлы, Изгалиев Кайрат Есенғалиұлы, Дүйсенғалиева Жанна Шапхатқызы шығарылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Таңатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады