Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2011.12.06 № 192 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Орда ауылдық округінің аумағындағы ірі қара малының бруцеллез ауруынан эпизоотиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Бөкей ордасы ауданының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2009 жылғы 24 тамыздағы № 538 ұсынысы бойынша, бруцеллез ауруына қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыздандыру және адамдарды бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орда ауылдық округіне ірі қара малдың бруцеллез ауруынан шектеу қойылсын.
2. Орда ауылдық округінің әкіміне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (келісім бойынша) бірлесе отырып шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринарлық дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қ. Таңатовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Карин |