Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010.02.23 N 19-4 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексін және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жаңақала ауданында айына салық салу бірлігіне тіркелген бірыңғай салықтың ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Жаңақала аудандық Мәслихатының "Тіркелген жиынтық салық ставкасын бекіту туралы" 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-7 шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-5-60 2008 жылғы 9 ақпандағы "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) күші жойылсын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2009.04.20 N 11-4 Шешімімен.3. Жаңақала аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 20 қазандағы N 8-7 "2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-7 "Тіркелген жиынтық салық ставкасын бекіту туралы" Мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-5-74 тіркелген, 2008 жылғы 6 желтоқсандағы "Жаңарған өңір" газетінде N 51 жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Сессия төрайымы | С. Т. Мұхамбетжанова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. А. Саматов |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 ақпандағы N 10-3 шешімімен бекітілген қосымша |
Жаңақала ауданының айына салық
салу бірлігіне тіркелген бірыңғай
ставкалары
Рет N | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айылық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Бильярд үстөлі | 3 |