Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2010.02.23 N 19-4 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Тіркелген бірыңғай салық ставкасын бекіту туралы" Жаңақала аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 10-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-5-84 тіркелген, 4 сәуір 2009 жылғы "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 2-тармақтағы "кесімдерді" деген сөзден кейін "мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-5-60 тіркелген" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ш. И. Абуғали |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. А. Саматов |