Жаңақала ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы N 109 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 112 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 22 мамырда N 7-5-88 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қазандағы N 183 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 05.10.2010 N 183 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" Жаңақала ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы N 109 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 2 шілдедегі N 7-5-66 тіркелген және аудандық "Жаңарған өңір" газетінің 2008 жылғы 2 тамыздағы N 32 санында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қаулының 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 қосымшаларындағы "21-9-52" деген сандар "22-2-50" деген сандармен өзгертілсін;

      қаулының 21, 22, 23 қосымшаларындағы "21-8-58" деген сандар "21-7-58" деген сандармен өзгертілсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Т. Т. Мерғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады