Көпжасар ауылдық округінің Салтанат, Саралжын елді-мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 14 желтоқсанда N 7-5-104 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Көпжасар ауылдық округінің Салтанат, Саралжын елді мекені тұрғындарының жалпы жиналысының 2009 жылдың 23 маусымдағы N 9, 10 Жаңақала аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылдың 10 қыркүйектегі N 1 хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округінің Салтанат елді мекеніндегі көшесіне "Салтанат" атауы берілсін.
      2. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округінің Саралжын елді мекеніндегі көшесіне "Саралжын" атауы берілсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.

      Ауыл әкімі                 С. Буранбаев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады