Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып Жаңажол ауылдық округі тұрғындарының жалпы жиналысының 2005 жыл 28 қыркүйектегі, Жаңақала аудандық ономастикалық комиссияның 2005 жыл 2 қарашадағы N 2 хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылының шығыс бағытынан басталатын көшеге "Сұлтанғали Лұқпанов атындағы көше" атауы берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б. Шабақовқа жүктелсін.
Ауыл әкімі