Мұқыл ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 18 қыркүйекте N 7-5-93 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып Мұқыр ауылының тұрғындарының 2006 жылдың 10 сәуірдегі N 2, 2006 жылдың 25 қыркүйектегі Жаңақала аудандық ономастикалық комиссияның N 3 хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мастексай ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылына:
      1) батыс бағытынан басталатын көшеге "Ардагерлер" атауы;
      2) солтүстік-шығыс бағытынан басталатын көшеге "Мәрия Сидағалиева атындағы көше";
      3) солтүстік бағытынан басталатын көшеге "Қурмаш Қуанов" атаулары берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа  енгізіледі.
      3. Осы шешім орындалуына бақылау жасау Мастексай ауылдық округі  әкім аппаратының бас маманы Н. Жумасеитовке жүктелсін.

      Мастексай ауылдық округі әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады