Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық, Үшкемпір елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 14 желтоқсанда N 7-5-102 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық, Үшкемпір елді мекенінің тұрғындарының 22 қыркүйек 2009 жылғы жиналыс хаттамасының 2 қараша 2009 жылғы аудандық ономастикалық комиссиясының отырысының хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылдық округіне қарасты Ақбалшық елді-мекеніне Ақбалшық көшесі, Үшкемпір елді-мекеніне Үшкемпір көшесі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды бас маман А. Сагингалиевке жүктеймін.

      Бірлік ауылдық округі әкімі          Ж. Борашев
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады