Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып отырып және Жаңақала аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 13 қазандағы N 569 санды келісімі негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылының батыс жағынан салынып жатқан бір көшеге Дауылбаев Ахметтің есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т. Бигалиевке жүктелсін.
Жаңақала ауылдық округі әкімінің
уақытша міндетін атқарушы