Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2010.02.23 N 22-2 Шешімімен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хатына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1."Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" 2008 жылғы 9 маусымдағы N 9-1 Жәнібек аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-67 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде N 30, 2008 жылғы 4 шілдеде жарияланған), шешіміне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспесінде:
"2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53 бабына" деген сөз "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына" деген сөзбен ауыстырылсын.
2) аталған шешімінің 2-қосымшасында:
1 тармағында:
"5" деген сан алынып тасталсын;
мынандай сөйлеммен толықтырылсын:
"2.1. 1 қосымшаның 5 тармағы бойынша әлеуметтік төлем ай сайын бір ай жарымдық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Т. Т. Сәриев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. З. Кадимов |