Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 30.01.2013 N 10-7 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабы, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа еңгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңынын 36 бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға біржолғы талондардың құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Айына салық салу бірлігіне тіркелген бірыңғай жиынтық салық ставкалары 3 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
4. Жәнібек аудандық мәслихатының "Бір жолғы талондардың құны, тіркелген жиынтық салық ставкаларын және сыртқы (көрнелі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақыларын белгілеу туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы N 11-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-72 тіркелген, 2008 жылғы 28 қарашада, 15 желтоқсанда, 19 желтоқсанда аудандық "Шұғыла" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Т.Т. Сариев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т.З. Кадимов |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 16 ақпандағы N 14-6 шешіміне 1 қосымша |
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар
орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер
мен заңды тұлғаларға біржолғы талондардың құны
N | Атауы | Бір күнге біржолғы талондардың құны (тенге) |
1 | Азық–түлік тауарларын сату: | |
1) прилавкадан | 140 | |
2) үстелден | 11 | |
2 | Өнеркәсіп тауарларын сату: | |
1) прилавкадан | 175 | |
2) үстелден | 58 | |
3 | Үй жануарларын тірілей сату – 1 басқа шаққанда | |
1) қой, ешкі | 58 | |
2) сиыр, жылқы | 116 | |
4 | Автокөліктерден сату: | |
1) жеңіл автокөліктен | 116 | |
2) жүк автокөліктен | 292 |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 16 ақпандағы N 14-6 шешіміне N 2 қосымша |
Қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке
тұлғаларға біржолғы талондардың құны
N | Қызмет түрлерінің тізбесі | Бір күнге бір реттік талондардың құны (теңге) |
1 |
Сату (тұрақты үй-жайларда жүзеге асырылатын қызметтен басқасы): | 11 |
2) тұқым, сондай-ақ отырғызалатын материал (екпелер, көшет) | 23 | |
3) бақша дақылдарын | 93 | |
4) саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірлген табиғи гүлдерді | 58 | |
5) қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін | 58 | |
6) жануарлар мен құстардың жемдерін | 58 | |
7) сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) | 58 | |
2 | Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі | 116 |
3 | Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар | 35 |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 16 ақпандағы N 14-6 шешіміне N 3 қосымша |
Айына салық салу бірлігіне тіркелген
бірынғай жиынтық салық ставкалары
N | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз үтыс ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыссы ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |