Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2010.05.19 N 6 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Жәнібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Жәнібек ауданында 2010 жылдың қаңтар-наурыз аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.
2. "Жәнібек аудандық ауруханаcы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Жәнібек ауданының тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі Р. Өтешев
КЕЛІСІЛДІ:
"Жәнібек аудандық аурухана"
МКҚК директоры
Т. Қ. Мұсағалиев___________
31.12.2009 ж.
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
А. Т. Мағзомов_____________
31.12.2009 ж.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Ж. Д. Қошанова_____________
31.12.2009 ж.