Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 10.10.2014 N 816 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына және Қазақстан Республикасының "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Аудан әкімдігінің "2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 25 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 7-7-83 нөмірмен тіркелген, 2009 жылы 28 ақпандағы "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қөрсетілген қаулымен бекітілген қосымша осы қаулыға қосымшыға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Аудан әкімінің м.а. | Г. Құлжанова |
1 қосымша Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 шілдедегі N 309 қаулысына |
Зеленов ауданы бойынша 2009 жылғы
қоғамдық жұмыстардың түрі, көлемі,
нақты жағдайлары, қатысушылардың жалқы
мөлшері, қаржыландыру көзі және қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің
тізімі
N | Мекемелердің тізбесі | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Бағдарлама бойынша қоғамдық жұмысқа таратылады,адам | Қаржының көзі |
1. |
Аудан бойынша |
1. Елді мекендерді санитарлық тазарту, көгаландыру және абаттандыру, орман саябағы шаруашылығын қорғау және дамыту. | 346 | Жергілікті бюджет |
кестенің жалғасы
N | Мекемелердің тізбесі | Қоғамдық жұмысқа бөлінген қаржының жалпы қоры, млн.теңге | Қоғамдық жұмысқа қатысқан 1 адамның төлемақысының мөлшері теңге | Жұмыстың көлемі | |
Жалақы млн.тг. | Соның ішінде демалыс өтем ақысы млн.тг. | ||||
1. |
Аудан бойынша | 19.380 | 1.6 | 13717 |
221760 |