Достық ауылдық (селолық) округінде бірқатар көшелердің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Достық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 343 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 3 қарашада N 7-7-95 тіркелді

      Қазақстан республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі жанынан құрылған ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 8 қазандағы N 3 хаттамасын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Достық ауылдық (селолық) округі, Достық ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Полевая көшесі - Болашақ;
      2) Октябрьская көшесі - Желтоқсан;
      3) Безымянная көшесі - Самал;
      4) Пионерская көшесі - Бостандық;
      5) Макаровский переулок - Алтын таң;
      6) Чаганная көшесі - Шаған көшесі болып, қазақша транскрипцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өз бақылауыма аламын.

      Ауыл округінің әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады