Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2009.11.25 N 311 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18 тармақшасын, "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып, Казталов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы орынбасарының 2009 жылдың 20 қазанындағы N 643 санды ұсынысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қараоба ауылдық округінің "Өзен бойы - 2" нүктесінің тұрғыны Н. Мырзабаевтың жеке шаруашылығындағы ірі қара малынан "Пастереллез" ауруы шығуына байланысты және ауру ошағы деп танылғандықтан Қараоба ауылдық округінің "Өзен бойы - 2" нүктесіне шектеу қойылсын.
2. Осы аталған нүктеден мал өнімдерін шығаруға және малдың әкелініп-әкетілуіне жол берілмесін.
3. Шектеудің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Қараоба ауылдық округінің әкімі Г. Селеноваға және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бастығы А. С. Малаховқа (келісім бойынша) ұсынылсын.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. И. Құтқожинге жүктелсін.
Аудан әкімі | Е.Қалиев |