Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 01.04.2009 № 10 шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сай ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Қаратөбе ауданы әкімінің "1992 жылы туылған азаматтарды 2009 жылы әскери есепке шақыру учаскесіне тіркеу туралы" 2009 жылғы 8 қантардағы N 1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 7-9-72 болып тіркелген, 2009 жылы 23 қантар айында "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Осы шешімінің 1 және 6 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы аталған шешімнің 8 тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі".
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қантардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | А.Утегулов |